Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда ҮЕҰ осал топтағы туберкулезбен ауыратын н...

Алматыда ҮЕҰ осал топтағы туберкулезбен ауыратын науқастарды сүйемелдейді

Алматы Бүгін 12:26 31
Алматыда ҮЕҰ осал топтағы туберкулезбен ауыратын науқастарды сүйемелдейді
Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен

Үкіметтік емес ұйымдар туберкулезге қарсы көмек жүйесінің негізгі буынның бірі болып қала береді. Олар әлеуметтік осал топтағы науқастарға қолдау көрсетіп, емге бейілділікті арттыруға ықпал етеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Санат Әлемі» қоғамдық қорының директоры Мұрат Медетов осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, ҮЕҰ денсаулық сақтау жүйесі мен халық арасын жақындастырып, әсіресе кемсітуге тап болып, емделуге құлқы болмай жүргендердің арасын байланыстырушы дәнекер болып отыр.

«Біз әлеуметтік осал топтармен, емге бейілділігі төмен науқастармен, кемсітушілікке тап болған адамдармен, яғни сенім мен қолдауды қажет ететін ортада жұмыс істейміз», – дейді.

Ол үкіметтік емес ұйымдардың қызметі кешенді сипатқа ие екенін атап өтті. Оған аутрич-қызметтер, пациенттерді әлеуметтік сүйемелдеу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, құқықтарды қорғау мен емдеуді үздіксіз қамтамасыз ету де жатады.

«Мұндай тәсіл туберкулезді ертерек анықтап, емдеуді үзіп жіберуді азайтуға, дәріге төзімді түрдің дамуын болдырмауға мүмкіндік береді», – дейді спикер.

Мекемеаралық байланысқа да ерекше назар аударылды. Қор директорының айтуынша, мемлекет, медициналық ұйымдар мен азаматтық қоғам тығыз серіктестік орнатса ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады екен.

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетіктері үкіметтік емес ұйымдарға ұлттық бағдарламаларды іске асыруға нақты үлес қосып, көмекке мұқтаж жандарға атаулы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», – деді Мұрат Медетов.

Оның айтуынша, бірлескен жұмыстың түпкі мақсаты эпидемиологиялық көрсеткіштерді ғана төмендету емес, сонымен қатар әр адам медициналық, әлеуметтік және құқықтық қолдауды дер кезінде ала алатын жүйе құру.

«Күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана біз ортақ мақсат – туберкулезден ада Қазақстан құруға қол жеткізе аламыз», – деп түйіндеді ол өз сөзін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастармен «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін 12:23

25 ақпанда сиреналар қосылады: алматылықтарға ескерту жасалды

Бүгін 12:16

Алматыда туберкулезбен ауыру 60%-ға азайды

Бүгін 12:06

Алматыда туберкулезді емдеу тиімділігі халықаралық стандарттан да жоғары болып шықты

Бүгін 12:00

Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

Бүгін 11:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі