Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда тұтынушыларға жыл басынан бері 300 млн те...

Алматыда тұтынушыларға жыл басынан бері 300 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды 

Әлеумет 11.09.2024, 13:59 835
Алматыда тұтынушыларға жыл басынан бері 300 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды 
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

2024 жылдың басынан бастап Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұрғындардың құқықтарының бұзылуына байланысты 6000-ға жуық өтініштерін қарады. Бұл туралы ведомство қызметінің қорытындыларына арналған ӨКҚ брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 40 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижесінде тұтынушыларға 303 239 531 теңге қайтарылды. Департамент, сонымен қатар, заң бұзушыларға 168 әкімшілік жаза тағайындады.

Департамент басшысының орынбасары Нұрлан Әбдиев ең көп тараған заң бұзушылықтар тұтынушылардың талаптарына уақтылы жауап бермеу, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына заңнамада белгіленген сауда үстемесін бұзу болып табылатынын айтты.

«Департамент жұмысының маңызды бағыты сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнама нормаларын сақтау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу болып табылады. Келіп түсетін өтініштердің негізгі үлесі бөлшек сауда және электрондық сауда саласына қатысты, оны департамент жүйелі түрде қарайды», - деп атап өтті Н. Әбдиев.

Тұтынушылар көбінесе тұрмыстық қызмет көрсету саласында сапасыз қызмет алады. Департамент тұтынушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, өтініштер жасауға құқықтық көмек көрсетеді және одан ары соттарға үшінші тұлғалар ретінде қатысуды ұсынады.

Сондай-ақ Департамент Алматы қаласының қоғамдық ұйымдарымен Алматы қаласы азаматтарының тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында бірлескен жұмыс жүргізуде.

«Деректерді талдау нәтижесі тұтынушылық құқықтық мәдениеттің артуы туралы да, жосықсыз кәсіпкерлік қызметтің өсуі туралы да көрсетті. «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасы аясында Алматы қаласының қоғамдық ұйымдары азық - түлік қауіпсіздігі сапасының сәйкестігін анықтау үшін шетелдік өндірушілердің 66-ға жуық өнім атауын сатып алып, тамақ өнімдерін сынау зертханасына сараптама жүргізуге жіберілді», - деп бөлісті спикер.

Нәтижесінде 24 бизнес субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, 2024 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша баға белгілеуге және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты жосықсыз қызмет белгіленді. Бұл фактілер жойылды, нәтижесінде 396 әкімшілік хаттама толтырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұтынушы #Кәсіп #құқық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.