AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда тұтынушылар не нәрсеге жиі шағымданады?

Алматыда тұтынушылар не нәрсеге жиі шағымданады?

Әлеумет 04.07.2024, 13:56 984 Almaty-akshamy.kz. 
Алматыда тұтынушылар не нәрсеге жиі шағымданады?
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жыл сайын тұтынушылардың құқықтарын бұзу туралы шағымдардың саны артып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Әбдиев мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 
 
Азаматтар сапасыз тауарды айырбастай алмайтындығына немесе ақшаны қайтара алмайтындығына шағымданады. Халықтан жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты шағымдар түседі.
 
Көбінесе азаматтар жиһаз жасау және жөндеу қызметіне шағымаданады.
 
Көбінесе тұтынушылар кәсіпкерлер жосықсыз тауарды сатқаннан кейін, оны айырбастау немесе ақшаны қайтару туралы сотқа дейінгі талаптарға жауап бермеді деп шағымданады, дегенмен олар мұны 10 күнтізбелік күн ішінде жасауы керек.
 
Тұтыну құқығын бұзудың көптеген мысалдары бар. Олар бүкіл елде кездеседі. Мамандар талаптардың өсуін тұтыну мәдениетінің өсуімен байланыстырады. 
 
2024 жылдың басынан бастап Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұрғындардан 4 мыңға жуық өтінішті қарады, тұтынушыларға 100 918 331 теңге қайтарылды.

"Өтініштердің негізгі үлесі бөлшек және электрондық сауда саласында, сапасыз көрсетілетін қызметтерге келіп түседі. Жыл басынан бері алматылықтарға 100 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды", - деді Нұрлан Әбдиев.

Ол тұрмыстық қызмет көрсету саласында тұтынушылар көбінесе сапасыз қызмет алатынын атап өтті. Департамент тұтынушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сотқа дейінгі талаптарды жасауда құқықтық көмек көрсетеді және сотқа үшінші тұлға ретінде қатысады.
 
Департамент ТКШ қызметтері, сондай-ақ білім беру, медицина және қоғамдық тамақтану және байланыс салаларына қатысты өтініштерді қаланың жергілікті атқарушы органдары, Ішкі істер органдары және ұялы операторлармен бірлесіп пысықтайды.

"Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда және жалғастырылады", - деп толықтырды Нұрлан Әбдиев.

Брифингке қатысқан жобаның заңгері Талғат Қасымғалиев алматылықтар тауарлар мен қызметтерді сатып алған кезде сатушылар тарапынан сапасыз немесе жосықсыз қарым-қатынасқа жиі тап болатынын атап өтті. Осылайша, тұтынушылардың құқықтары жиі бұзылады.
 
Сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бүкіл жүйесі тұтынушылардың құқықтарын осы жерде және қазір қамтамасыз ету алгоритміне қайта құрылып жатқанын хабарлады.

"Қазіргі қоғамда бұл заң өте қажет. ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" № 274-IV Заңы. Тұтынушы мен сатушы, тауар өндіруші, қызмет көрсетуші арасындағы қатынастарды реттейтін нормативтік акт, бұл барлық талаптарға жауап береді. Қазіргі уақытта тараптар арасындағы құқықтық қатынастардың ұтымды тетігі болып табылады. Кез келген тұтынушы, сатушы бұл заңды білуі тиіс", - деп атап өтті Т.Қасымғалиев.

Сұрақтарыңыз бен шағымдарыңыз бойынша осы байланыстарға жүгінсеңіз болады: Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Жандосов көшесі, 2 мекенжайында орналасқан. Байланыс нөмірі: 8 7273922183, 87273922154 және 87008628454 WhatsApp желісіне жазуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұтынушы #құқық #кәсіпкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);