ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Түркиядан келген әртістің қатысуымен фле...

Алматыда Түркиядан келген әртістің қатысуымен флейталық музыкадан концерт өтті

Мәдени Алматы 17.05.2024, 15:20 1,443
Алматыда Түркиядан келген әртістің қатысуымен  флейталық музыкадан концерт өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Жамбыл филармониясында өткен ән-әуен кешіне ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірова, Түркия әртісі Леля Байрамоғұллары және өзге де өнер майталмандары қатысты.

Жамбыл филармониясында өткен ән-әуен кешіне ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірова, Түркия әртісі Леля Байрамоғұллары және өзге де өнер майталмандары қатысты.

Концерт басталмай тұрып Түркияның Алматыдағы Бас консулы Эврен Мюдеррисоглу құттықтау сөз сөйледі. 

"Мен осындай тамаша музыка мектебіне келгеніме өте қуаныштымын. Қазақстан мен Түркия арасындағы тарихи бауырластық көптеген салаларда дамып жатыр. Бүгінгі концерт екі ел арасындағы қарым-қатынасқа оң әсер етеді деп сенемін. Түркітілдес елдердің ынтымақтастығы көптеген салаларда, соның ішінде мәдениет пен өнерде де қарқынды дамып келеді. Анталия қаласының мемлекеттік филармониясының солисті, белгілі флейташы Леля Байрамоғұлларын тыңдауға келгендердің барлығына алғыс айтамыз. Жәния Әубәкіроваға қонақжайлылығы үшін алғыс айтқым келеді", – деді Түркияның Алматыдағы Бас консулы.

Ал Жәния Әубәкірова флейта мен пианино сынды музыкалық аспаптардан шашу шашылған ән-саз кеші күзде тағы да өтетінін айтты.

"Елшілік өкілдеріне шығармашылық жобамызды қолдағаны үшін алғыс айтамын. Шығармашылықта бәрі өте қарапайым – музыканттар кездесіп, композицияларды бірге орындауға келіседі. Алайда, халықаралық шекараны еңсеру үшін бізге мемлекет пен елшілік өкілдері, демеушілер көмектеседі. Леля Байрамоғұллары өте үлкен әлеуметтік жұмыс жүргізіп келеді. Ол әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандарды музыкамен таныстыру үшін әлемдегі әртүрлі халықтармен кездесіп, өз өнерін паш етіп жүр. Бұл музыканы шын сүйетін жүрегі үлкен музыканттарға тән қасиет. Бүгінгі концерт күзде Шуберт пен басқа композиторлардың бағдарламасымен қайта өткізілетінін атап өткім келеді", – деді Жәния Әубәкірова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.