ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда түрік фильмдерінің апталығы басталды

Алматыда түрік фильмдерінің апталығы басталды

Мәдени Алматы 05.10.2024, 22:03 1,649
Алматыда түрік фильмдерінің апталығы басталды
Суреттерді түсірген - Кайрат Қоныспаев
Қазақ пен түрік киносының ықпалдастығы мен өзара байланысы нығайып келеді. Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауы және Түркияның Алматыдағы Бас консулдығының көмегімен...

Қазақ пен түрік киносының ықпалдастығы мен өзара байланысы нығайып келеді. Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауы және Түркияның Алматыдағы Бас консулдығының көмегімен «Йерли Дүшүнже» қауымдастығы ұйымдастырған «9-шы Түрік фильмдері апталығы - Алматы» іс-шарасы өтті.

Жиынға Қазақстан мен Түркияның киногерлері, режиссерлер, сарапшылар, кино майталмандары және көрермендер қатысты. Кино апталығына қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Түркияның Алматыдағы Бас консулы Еврен Муддерисоғлу екі бауырлас мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың барлық салаларда табысты дамып келе жатқанын атап өтті, оның ішінде өнер саласы да бар. Бұл фестивальдің мақсаты – мәдениет пен тарихқа назар аудару.

«Кино саласында деректі фильмдер түсіріп келеміз. Түркиядағы кино фестивальдерге де қатысып жүрміз. Халықаралық аламандарға қатысу арқылы актерлер мен режиссерлерді шыңдай түсеміз. Мұндай іс-шаралар біздің елімізге тәжірибе тұрғысынан пайдалы», – деді тележурналист әрі деректі фильм түсіруші Нұрлан Асқарұлы.

«Мен «Соңғы кеш» атты фильмде Түрік Республикасының алғашқы президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің рөлін сомдаймын. Бұл ХХ ғасырдың басындағы маңызды тарихи кезең жайлы биографиялық драма. Фильмдегі оқиғалар Түрік Республикасы жарияланар алдындағы кезеңде өрбиді», – деп бөлісті актер Онур Туна.

Іс-шараның қазақ-түрік мәдени байланыстарын нығайтуға тигізер ықпалы зор екені анық. Бұл туралы Алматы қаласы мәдениет басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Арман Халбеков атап өтті.

«Өзім бұл іс-шараға үшінші жыл қатарынан қатысып отырмын. Түркияның туристік әлеуеті зор, ал туристерді тартуда киноның орны ерекше. Сондықтан біздің де қазақ киносы дами берсін, соның нәтижесінде бізге келетін саяхаттаушылар қатары артады деп сенеміз. Бауырлас елмен мәдени байланыстардың дамуы қуантады», – деді ол.

Биыл түрік фильмдері қаладағы кинотеатрлар желілерінің бірінде 9 қазанға дейін көрсетіледі, әрі барлық фильмдер көрермендерге тегін ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.