AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Алматыда ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің от...

Алматыда ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

Саясат 12.04.2025, 14:45 827 dulatbekova
Алматыда ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, Достастық шеңберіндегі өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

«Бүгінде Достастық пікір алмасудың, бірлескен күш-жігерді үйлестірудің және елдеріміз арасындағы кешенді байланыстарды біртіндеп тереңдетудің сұранысқа ие алаңы болып отыр. Қазақстан Ұйымды одан әрі дамытуға мүдделі және оның көпқырлы әлеуетін нығайтуға ниетті», – деді Қазақстан СІМ басшысы.

Сондай-ақ М.Нұртілеу қатысушыларды ТМД аясындағы ынтымақтастықтың әртүрлі аспектілері бойынша Қазақстанның ұстанымдары туралы хабардар етіп, Ұйымды одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстарды ортаға салды.

Ұйымның институционалдық дамуына, үйлестіру механизмдерін жетілдіруге және Достастық аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бастамаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Осы тұрғыда Қазақстан бастамаларын жүзеге асыруда Достастық бойынша серіктестердің қолдауы ерекше аталып өтті. «Еліміздің ұсынысы бойынша бүгінгі таңда Волонтёрлер форумы, Достастық жәрмеңкесі, ТМД Академиялық астанасы және басқа да көптеген жобалар сияқты ауқымды іс-шаралар бірлескен күш-жігердің арқасында іске асырылып жатыр немесе жақын болашақта өткізуге жоспарланған», – деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрі.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ТМД елдерінің бірқатар қаласына, соның ішінде Астана, Алматы, Қарағанды және басқа да қалаларға «1941-1945 жж. Еңбек даңқы қаласы» құрметті атағын беру туралы шешім келісілді.

Алматыдағы отырыс дәстүрлі достық атмосферада өтті. Тараптар Достастық аясындағы ынтымақтастықты дамытуға және осы Ұйымның көпқырлы әлеуетін одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.

Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі отырысы 2025 жылғы қазан айында ТМД Мемлекет басшылары саммиті қарсаңында Душанбе қаласында өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ТМД #СІМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);