ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда тергеу қызметі мен медицина сарапшыларыны...

Алматыда тергеу қызметі мен медицина сарапшыларының бірлескен семинары өтті

Алматы 11.02.2026, 10:14 88
Алматыда тергеу қызметі мен медицина сарапшыларының бірлескен семинары өтті
Сурет: Polisia.kz
Алматы қаласы полиция департаментінде тергеу органдарының денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз бейінді мамандармен өзара іс-қимылын жетілдіру, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша Сот сараптамалары...

Алматы қаласы полиция департаментінде тергеу органдарының денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз бейінді мамандармен өзара іс-қимылын жетілдіру, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша Сот сараптамалары институтында сот сараптамаларын тағайындау барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылауға арналған семинар-кеңес өтті, – деп хабарлайды Aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Іс-шараға Алматы қаласы ПД тергеу бөліністерінің басшылығы мен қызметкерлері, аудандық полиция басқармалары бастықтарының орынбасарлары, Сот сараптамалары институтының өкілдері, сондай-ақ медицина саласының сарапшылары мен кәсіби қоғамдастық мүшелері қатысты. Семинарды ашқан Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Шарибаев медициналық сипаттағы қылмыстық істерді тергеу кезінде пәнаралық тәсілдің маңыздылығына тоқталды. 

– Медициналық құрамдас бөлігі бар қылмыстық істер ерекше байыптылық пен жоғары кәсібилікті талап етеді. Тергеу органдары мен бейінді мамандар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл қабылданатын процессуалдық шешімдердің объективтілігін қамтамасыз етіп, тергеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Рустам Шарибаев.

 Семинар-кеңес барысында тәуелсіз бейінді мамандарды тарту тәртібі, кешенді медициналық қорытындылардың практикалық маңызы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде сот сараптамаларын тағайындау кезінде туындайтын қиындықтар кеңінен қаралды. Сараптамалық қорытындыларды даярлаудағы медициналық аспектілер жөнінде "ZdravExpert" тәуелсіз сарапшылар қауымдастығы" ЖШС бас директорының медициналық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Айжан Садықова баяндама жасады. Ол медициналық әрекеттерге клиникалық негізделген баға берудің және бейінді дәрігерлердің қатысуының маңызына ерекше назар аударды.

– Тергеу үшін медициналық процестердің ішкі логикасын түсіну аса маңызды. Сарапшылардың қорытындылары тек формалды белгілерге ғана емес, клиникалық көрініске де сүйенуі тиіс. Бұл себеп-салдар байланыстарды барынша дәл анықтауға мүмкіндік береді, – деді Айжан Садықова.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, қылмыстық істерді тергеу сапасын арттыру мақсатында тергеу органдары мен сарапшылық әрі медициналық қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар ұсынысты әзірледі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.