AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілік...

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өтті

Барлығы 19.10.2025, 15:10 738
Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өтті
Қайрат Қоныспаев

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жергілікті сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл туралы Қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы хабарлады. 

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, коммуналдық қызметтер, бизнес құрылымдары мен қала тұрғындары қатысты. Сенбілікке жалпы 2300-ден астам адам және 211 арнайы техника жұмылдырылып, шамамен 1680 текше метр қоқыс шығарылды.

Сенбілік қаланың барлық сегіз ауданында өтті. Арық желілері мен қоғамдық кеңістіктер тазаланып, жол бойы сыпырылып, жуылды, іргелес аумақтар мен шағын бизнес нысандары абаттандырылды. Көгалдандыру жұмыстарына ерекше назар аударылып, 2 мыңнан астам үйеңкі, қарағай, жөке және қараған ағаштары отырғызылды.

Сенбілік өткен негізгі аумақтар:
- Алатау ауданы: Аққайнар көшесі – ҮАК бойы – Мәмбетов көшесі аралығы;
- ⁠Алмалы ауданы: Желтоқсай – Абай – Сейфуллин – Райымбек көшелерінің аумағы;
- ⁠Әуезов ауданы: Қарғалы өзенінің жағалауы (Абай даңғылынан Райымбек даңғылына дейін);
- ⁠Медеу ауданы: Қазақстан халықтары ертегілері саябағы, Тәттібеков көшесі, 61;
- ⁠Бостандық ауданы: Абай даңғылының Байзақов пен Тұрғыт Озал көшелері арасындағы бөлу жолағы;
- ⁠Жетісу ауданы: Маяк шағынауданы, Бөкейханов көшесі, 53а/2;
Түрксіб ауданы: Маяк шағынауданы;
Наурызбай ауданы: «Алма сити» тұрғын үй кешені, Алатау даңғылының бойы.

Қатысушылардың бірлескен еңбегінің арқасында жасыл аймақтар ретке келтіріліп, арықтар мен тротуарлар тазартылды, ағаштың бұтақтары санитарлық мақсатта кесіліп, шөп шабылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сенбілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);