AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған арна...

Алматыда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған арнайы тележоба түсіріледі

Мәдениет 22.09.2026, 10:05 208
Алматыда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған арнайы тележоба түсіріледі

Бүгін Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің 35 жылдығы» арнайы тележобасының түсірілімі өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Айғақ» телеарнасы әзірлеп жатқан жоба аясында Тәуелсіздік монументі мен «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінде түсірілім жүргізіліп, ғалым Асылы Османмен арнайы сұхбат ұйымдастырылады.

Тележоба Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдерін кеңінен танытуға, ел азаттығы мен мемлекеттің қалыптасуына үлес қосқан тұлғалардың өнегелі өмірін дәріптеуге, сондай-ақ тарихи орындарды насихаттауға бағытталған.

Алматыдағы түсірілім бағдарламасы Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументінен басталады. 1996 жылы Тәуелсіздіктің бес жылдығына орай ашылған монументтің биіктігі – 28 метр. Оның төбесінде қанатты барысты тізгіндеген Алтын адам бейнесі орналасқан.

Жоба қатысушылары Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне де барады.

Бағдарлама аясында филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Османмен сұхбат жоспарланған. Сұхбат барысында тәуелсіздік құндылығы, мемлекеттік тіл, ұлттық сана мен тарихи жад мәселелері сөз болады.

Бұдан кейін жоба қатысушылары Кеңсай-2 зиратына барып, Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртаза, көрнекті жазушы-драматург Оралхан Бөкей, мемлекет қайраткерлері Қалық Абдуллаев пен Бердібек Сапарбаевтың рухына тағзым етпек.* *

«Тәуелсіздіктің 35 жылдығы» тележобасы еліміздің бірнеше өңірі мен ірі қалаларын қамтиды. Жоба авторлары тарихи орындар мен тұлғалар тағылымын көрсету арқылы тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жас ұрпаққа жеткізуді көздеп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);