Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Таудағы тазалық: қоқыстарды жинап, тегін...

Алматыда «Таудағы тазалық: қоқыстарды жинап, тегін түскі ас алыңыз» атты экоакция өтті

Әлеумет 30.04.2024, 12:29 1,007
Алматыда «Таудағы тазалық: қоқыстарды жинап, тегін түскі ас алыңыз» атты экоакция өтті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ағымдағы жылдың 30 сәуірі «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық акциясы аясында «Таудағы тазалық: қоқыстарды жинап, тегін түскі ас алыңыз» акциясы өтті.


Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарындағы «Горельник» және «Аюсай» туристік орталықтарының аумағын тазалауға қоғам беленділері, қала тұрғындары, тіпті туристер де қосылды. Шара барысында қатысушыларға бір қап қоқыс жинап, оны тегін түскі асқа айырбастау ұсынылды.


Шара нәтижесінде тау шатқалдарынан 600 келіге жуық түрлі қоқыс жиналды - пластик бөтелкелер, азық-түлік пакеттері мен қаптамалар және демалушылардың қалдырған тұрмыстық қалдықтары.



Шараны Алматы қалалық туризм басқармасы және Almaty Tourism Bureau бірлесіп ұйымдастырды және жергілікті тұрғындар мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер үшін сүйікті демалыс орны – Іле Алатауының қайталанбас табиғатының тазалығын сақтауға бағытталған.


Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы өтуде. Қаланың көркейіп, өркендеуіне әрбір тұрғын өз үлесін қоса алады.



Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ қаланың айналасында орналасқан баннерлер, плакаттар мен плакаттардағы арнайы QR кодын пайдаланып веб-сайтқа кіруге болады.


Әлеуметтік желілердегі науқанға белсенді қатысушыларға арналған хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көктем #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.