ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Алматыда тау туризмі үшін қауіпсіз инфрақұрылым жа...

Алматыда тау туризмі үшін қауіпсіз инфрақұрылым жасалуда

Спорт 25.06.2021, 10:56 2,546
Алматыда тау туризмі үшін қауіпсіз инфрақұрылым жасалуда
Сурет: Triproom.ru
Еңбек өнімділігін арттыру және экономика құрылымын өзгерту үшін Алматы әкімдігі цифрландыруды, креативті индустрияны және туризмді дамыту арқылы құрылымдық маневр жүргізуде.

Еңбек өнімділігін арттыру және экономика құрылымын өзгерту үшін Алматы әкімдігі цифрландыруды, креативті индустрияны және туризмді дамыту арқылы құрылымдық маневр жүргізуде.


Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматыда 2025 жылға дейінгі цифрландыру стратегиясы және қаланың бірыңғай ІТ-архитектурасы, қаладағы барлық ІТ-компаниялардың тізімі жасалды. Болашақта Big data (үлкен деректер) және жасанды интеллект арқылы қала ұтымды басқаруға көшеді.


Қазірдің өзінде Алматыда креативті индустрияда 50 мыңнан астам адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 5%) жұмыс істейді. Мұнда 4,3 мыңнан астам кәсіпкер мен 3,6 мыңнан астам компания тіркелген немесе елдің креативті бизнесінің 53%-ы Алматы қаласына тиесілі.


«Алатау» креативті хабы жұмыс жасауда, мұнда күн сайын 700 адамға дейін шығармашылықпен айналысады. Биыл дәл осындай нысанды қаланың Медеу ауданында ашу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін Depo Evolution Park бұрынғы трамвай паркінің базасында салынады.


Креативті индустрия Паркі Алматыдағы ең ірі нысандардың біріне айналады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматының креативті экономиканы дамыту тәжірибесі бүкіл елге тарайтын болады.


Алматыны дамытудың перспективалы бағыттарының бірі туризм болып табылады. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ғана салаға тартылған инвестиция көлемі 29,6 млрд теңгені (өсім 2,6%) құрады.


Қазірдің өзінде мыңдаған шақырым жаяу тау соқпақтары цифрландырылды және ұзындығы 500 км дейінгі соқпақ абаттандырылды. Қосымша 172 км тау бағыттары абаттандырылып, 4 кемпингтік аймақ пен 3 глэмпингтік аймақ құрылуда.


Биыл Алматының таулы аймақтарында тікұшақ алаңын жасау, 2 бақылау-құтқару пунктін ұйымдастыру жоспарлануда әрі 16 құтқарушы тәулік бойы кезекшілік ететін болады. Сондай-ақ, құтқарушылар пультіне «SOS» спутниктік сигналын беру мүмкіндігі бар шалғай учаскелерде 15 лашық үй салуды жоспарлап отырмыз.


«Қазақтелекоммен» бірге таулардағы «көрінбейтін» аймақтарды ұялы байланыспен қамту бойынша жоба әзірленуде. Туристердің хабардарлығын арттыру үшін 10 интерактивті терминал орнатылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.