AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда тарихи ЧЛ матчі өтті: «Қайрат» пен «Реал...

Алматыда тарихи ЧЛ матчі өтті: «Қайрат» пен «Реал Мадрид» қалаға мереке сыйлады

Барлығы 30.09.2025, 23:42 1,127
Алматыда тарихи ЧЛ матчі өтті: «Қайрат» пен «Реал Мадрид» қалаға мереке сыйлады
Алматы әкімдігі

Бүгін Алматының Орталық стадионында УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» пен «Реал Мадрид» клубтары кездесті.

Ойын 5:0 есебімен мадридтік команданың пайдасына аяқталды. Стадион трибунасынан 23 мыңға жуық жанкүйер тамашалады.

Бұл матч шетелде де қызығушылық тудырды: Алматыға 5 мыңнан аса шетелдік турист келді. Негізгі ағын Қытай, Ресей, Испания, Жапония, Ұлыбритания, Чехия сияқты елдерден келді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 2,5 мыңнан аса полицей жұмылдырылды. Сонымен қатар, Алматы гарнизонынан шамамен 50 әскери қызметкер кезекшілік етті. Ал жедел жәрдем мен білікті дәрігерлер медициналық қызмет көрсетті.

Жанкүйерлердің ыңғайы үшін метрополитен жұмысы түнгі 01:00-ге дейін ұзартылды (әдетте 00:00-ге дейін). Сондай-ақ Орталық стадионнан алты бағыт бойынша 60 тегін автобус қатынап, жанкүйерлерді қалаға жеткізді.

«Қайрат» — «Реал Мадрид» ойыны тек спорттық шара емес, нағыз әлемдік футбол мерекесіне айналды. Алматы ұйымдастыру деңгейін де, қонақжайлығын да тағы бір мәрте көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Фк Қайрат #Реал Мадрид #футбол #УЕФА
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);