AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда студенттер далада қонып жүр деген ақпарат...

Алматыда студенттер далада қонып жүр деген ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік

Оқиға 05.09.2022, 16:00 1,238
Алматыда студенттер далада қонып жүр деген ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік
Сурет: Ашық дереккөзі

Орын жетпеген студенттер хостелдер мен қонақүйлерге орналастырылады


Ғылым және жоғары білім министрлігі желіде тараған Алматыдағы студенттер далада қонып жүр деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Алматыдағы студенттер далада қонып жүр» деген сарындағы хабарламалар соңғы күндері бірқатар ақпараттық сайт пен әлеуметтік желіде тараған еді. Министрлік оларды мұқият зерделеп, көпшілігі бір парақшадан алынғанын және ондағы мәліметтің расталмағанын хабарлайды. 


БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желідегі парақша иелері министрліктің баспасөз қызметіне ол студенттер жайлы нақты деректерді ұсына алмады. Осыған орай қоғам өкілдері мен Бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз. 


Студенттердің жатақханаға орналасуына қатысты сұрақтар туындаса жоғары оқу орындарының әкімшілігіне хабарласуды сұраймыз. Ал, университеттер шәкірттерді жатақханадағы орындармен қамтамасыз етуде. 


Сондай-ақ, қажет болған жағдайда орын жетпеген студенттер хостелдер мен қонақүйлерге орналастырылады. Айта кету керек, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев студенттерді жатақханамен қамту мәселесі толық шешілгенше Алматыда болады. Ол жағдайды тікелей бақылауында ұстайды», - делінген министрлік хабарламасында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Студент #жатақхана #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);