AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Строительная көшесінде құрылыс жұмыстарын...

Алматыда Строительная көшесінде құрылыс жұмыстарына байланысты қозғалыс кезең-кезеңімен шектеледі

Алматы 01.04.2026, 10:36 238 Сұлу
Алматыда Строительная көшесінде құрылыс жұмыстарына байланысты қозғалыс кезең-кезеңімен шектеледі
Алматы әкімдігі

Алматының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы Строительная көшесінің бір бөлігінде құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін хабарлады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аталған жұмыстар «Алматы қаласында Батыс кәріз коллекторын салу» инфрақұрылымдық жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Мердігер ұйым — «Павлодар өзен порты» АҚ.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылы 30 наурыз бен 10 маусым аралығында Строительная көшесінде, сондай-ақ Наурызбай ауданындағы Абай даңғылы мен Строительная көшесінің (дублер) қиылысында жүргізіледі.

Осыған байланысты аталған учаскелерде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер кезең-кезеңімен енгізіледі. Көшені толық жабу қарастырылмаған. Бұл көлік қозғалысындағы қолайсыздықты барынша азайтып, көлік қозғалысының қолжетімділігін сақтауға мүмкіндік береді.

Аталған шектеулер ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға байланысты енгізіліп отыр. Ұзындығы 34,9 шақырымды құрайтын Батыс кәріз коллекторы Наурызбай және Алатау аудандарындағы 175 мыңнан астам тұрғынды, сондай-ақ Алматы облысының Қарасай және Іле аудандарындағы шамамен 20 мың адамды орталықтандырылған су бұру жүйесімен қамтамасыз етеді.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, бағыттарын алдын ала жоспарлау кезінде енгізілген өзгерістерді ескеруді сұрайды.

Қозғалысқа қатысты ақпаратты @AlmatyJoly Telegram арнасынан, әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларынан, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс Карталар» сервистерінен білуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жол #Көше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);