AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Спорт күніне орай Red Bull Dance Your Sty...

Алматыда Спорт күніне орай Red Bull Dance Your Style би баттлдары өтті

Алматы 09.08.2026, 15:08 365
Алматыда Спорт күніне орай Red Bull Dance Your Style би баттлдары өтті
Алматы әкімдігі

Алматыда Спорт күніне орай Арбатта халықаралық Red Bull Dance Your Style жобасының қалалық іріктеу кезеңі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, іс-шара көше биі мәдениетінің өкілдері мен жеңімпаздарды тікелей анықтаған көрермендердің басын қосты.

Қатысушылар бір-біріне қарсы форматта өнер көрсетіп, өзінің техникасын, музыкалық шеберлігін және импровизация қабілетін танытты. Би алаңында хип-хоп, хаус, поппинг, локинг, вакинг, крамп және басқа да көше биінің бағыттары ұсынылды.

Red Bull Dance Your Style жарысының ерекшелігі, мұнда дәстүрлі төрешілер алқасы болмайды әрі музыка алдын ала дайындалмайды. Бишілер әуенді баттл кезінде естиді, ал әр раундтың жеңімпазын көрермендер таңдайды.

Алматыдағы іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша екі жеңімпаз 30 тамызда Қарағандыда өтетін Red Bull Dance Your Style ұлттық финалына жолдама алды. Финалда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген үздік 16 биші бақ сынайды.

Ұлттық финалдың жеңімпазы Қазақстан атынан Red Bull Dance Your Style әлемдік финалында өнер көрсетеді. Биыл күзде әлемдік дода Цюрих қаласында өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);