ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда сот орындаушыға жұдырық ала жүгірген адам...

Алматыда сот орындаушыға жұдырық ала жүгірген адам елге белгілі боксшы болып шықты

Заң мен тəртіп 05.10.2021, 06:40 1,030
Алматыда сот орындаушыға жұдырық ала жүгірген адам елге белгілі боксшы болып шықты
Сурет: Inform.kz
Қалада сот үкімін орындауға барған адамға белгілі боксшы Жанқош Тұраров қысым көрсетіп, соққыға жыққан.

Қалада сот үкімін орындауға барған адамға белгілі боксшы Жанқош Тұраров қысым көрсетіп, соққыға жыққан. 


Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы сот орындаушысын ұрған адам боксшы Жанқош Тұраровты шақырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 


Жеке сот орындаушылар палатасының мәліметінше, сот орындаушысы А.А.Ермековке шабуыл Алматының Бостандық ауданындағы нысанды бұзу кезінде жасалған.


«Нысан иесі М.Н.Ысқақов сот орындаушысын буындырып, ғимаратты бұзуды тоқтатуды талап еткен, кейін қабырғасы мен өкпе тұсынан ұрған. Соққы полиция қызметкерлерінің көзінше болған. Жедел жәрдем дәрігері соққының денсаулыққа орта дәрежеде зиян келтіргенін айтты. Полиция қызметкерлері қашып кетіп, оқиға орнында болмаған»,- деп хабарлады республикалық ЖСО палатасынан.


Сот орындаушысы ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы арыз жазып, таяқ жегеннен кейін көшеге жүгіріп шыққан учаскелік полицияға берді.


«Оқиға кезінде сот орындаушысына және басқа адамдарға қысым жасау мақсатында Ысқақов боксшы Тұраров Жанқош Жасұланұлын шақырған. Оқиға орнына келген боксшы сот орындаушысынан М.Н.Ысқақовқа қатысты полицияға түсірген арызын алуды талап еткен. Сондай-ақ, Жанқош Тұраров бұл әрекетті заңсыздық деп санап, осы үшін қорқытқан. Кейін М.Н.Ысқақов пен Ж.Ж. Тұраров А.А.Ермековке қарсы физикалық соққы көрсетіп, қорқыта бастаған. Тікелей қысым көрсетіліп, сот актісінің талаптарын орындаудан бас тартуға мәжбүрлеген», - деп атап өтті палатадан.


Осындай келеңсіз жайт салдарынан сот орындаушысы қызметін орындай алмады. Бұған дейін сот орындаушысы соққыға жығылғанын хабарлаған болатынбыз.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.