AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда сирек жасалатын операция арқылы науқастың...

Алматыда сирек жасалатын операция арқылы науқастың созылмалы ауырсынуы емделді

Медицина 17.02.2026, 09:19 594
Алматыда сирек жасалатын операция арқылы науқастың созылмалы ауырсынуы емделді
Сурет: Орталық қалалық клиникалық аурухана

Науқас ауруханаға бірнеше жылдан бері мазалап келе жатқан аяқтарындағы қатты созылмалы ауырсынуға байланысты түскен. Бұл ауырсыну оның күнделікті өмір сапасын едәуір төмендеткен, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Үш жыл бұрын ер адам кеуде омыртқасының VI–VII тұсында ауыр омыртқа-жұлын жарақатын алған. Осыған байланысты оған бірнеше рет ота жасалып, омыртқаны бекіту үшін транспедикулярлық фиксация жүйесі орнатылған. Алайда уақыт өте келе науқаста дәрі-дәрмекке көнбейтін, тұрақты нейропатиялық ауырсыну дамыған.

Ауру асқынып, науқастың аяқтары, кеуде тұсы және жамбас аймағында ауырсыну пайда болған. Сонымен қатар ұйқысы, қозғалысы және эмоционалдық жағдайы бұзылып, пациентке антидепрессанттар тағайындау қажеттілігі туындаған.

Созылмалы ауырсынуды азайту мақсатында мамандар жұлын нейростимуляторын имплантациялау операциясын жүргізді.

Орталық қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Алматовтың айтуынша, электродтар жоғары деңгейде — жұлынның VI–VII мойын және I–II кеуде сегменттері проекциясына орнатылған. Құрылғы ауырсыну сигналдарының өтуін бөгейтін бақыланатын электр импульстарын беріп, ауырсыну сезімін едәуір азайтуға немесе толық жоюға мүмкіндік береді.

Жұлын нейростимуляциясы әдісі әлемдік медициналық тәжірибеде созылмалы посттравматикалық ауырсынулар, операциядан кейінгі асқынулар, сондай-ақ омыртқа мен аяқ-қолдардың ауырсыну синдромдары кезінде кеңінен қолданылады.

Бұған дейін мұндай операциялар негізінен республикалық мамандандырылған орталықтарда ғана жүргізілетін.

Қазіргі таңда жоғары технологиялық медициналық көмек Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасы сияқты қалалық стационарларда да қолжетімді бола бастады.

Жұлын нейростимуляторын имплантациялау жоғары технологиялық медициналық көмек түріне жатады және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүргізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ота #медицина #созылмалы ауру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);