Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда цифрлық стартап негізін қалаушы 4 млн те...

Алматыда цифрлық стартап негізін қалаушы 4 млн теңге қайтарымсыз грант ұтып алды

Әлеумет 01.02.2023, 05:40 1,187
Алматыда  цифрлық стартап негізін қалаушы 4 млн теңге қайтарымсыз грант ұтып алды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жоба бойынша кеңес беру және оны қолдау қызметін Qoldaý кәсіпкерлік орталығының менеджерлері көрсетті.


Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның аясында өтеусіз инновациялық грантты Алматы қаласының тұрғыны Саят Нұрлы ұтып алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жас жігіт пікірлес адамдар тобымен бірге Grafen (https://grafen.kz/) цифрлық өнімін әзірлеп шығарды. Grafen – білім беру орталықтарына, компаниялар мен ақпаратты бизнесмендерге арналған бірегей платформа, ол жеке видеооқулықтарды жүктеуге және сатуға мүмкіндік береді. Платформа нақтылы уақытта тұсаукесер көрсетілімдерді таныстыруға және онлайн-оқытулар өткізуге мүмкіндік береді.



«Көптеген IT-жобалар сияқты платформа құру туралы ой пандемия кезінде туған болатын. Ол кезде өзімнен кіші інім екеуміздің оқыту орталығымыз бар болатын, көп ұзамай ТЖ режимінен соң және қашықтықтан жұмыс істеуге көшкеннен кейін бізге жедел түрде онлайн нысанына қайта көшуге тура келді. Бастапқыда біз ZOOM арқылы оқытып жүрдік, алайда, қолданбалардың шекті қызметтері біздің көңілімізден шықпады, ал нарықта біз қажетті платформаны таба алмадық. Осы сәтте, біз өзіміздің пайдалы өнімімізді ойлап табуды шештік», – дейді Саят Нұрлы.



Оның айтуынша, жобаны құру кезінде халықаралық IT-компаниясымен ынтымақтастық тәжірибесі көп көмектескен. Креативті әзірлеушілер тез арада топ құрып, дайындық процессін бастап кетеді.



«Бізге алғашқы өнімді шығаруға және тестілік режимде жұмысты бастау үшін 1 жыл керек болды. Әрине, өзекті мәселелер болды, бірақ біз үміт үзбей, жұмысты жалғастырдық», – деп түсіндірді ол.



Сол кезде Саяттың інісі әрі серіктес әріптесі оған Qoldaý кәсіпкерлік орталығына жүгінуді ұсынған.



«Бұл күтпеген жағдай болды, біз мемлекеттік қолдау көрсетудің іс жүзінде қалай болатынын білмедік. Алайда, орталықтың қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жедел жүргізді әрі бизнес-жоспар құру қызметін тегін көрсетті және көмектесті, сондықтан біз оларға өте ризамыз. Нәтижесінде біз жасаған жобамыз үшін қажетті техника сатып алуға 4 млн теңге ұтып алдық», – деді Саят.



Бүгінде Grafen отандық платформасында 1 мыңнан астам белсенді пайдаланушылар тіркелген, олар ыңғайлы уақытта оқиды және алған білімдері бойынша әлемнің кез-келген түкпірімен байланыса алады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инновация #грант #стартап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.