AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда шыны ыдыс өндіретін зауыт ашылады

Алматыда шыны ыдыс өндіретін зауыт ашылады

Барлығы 22.09.2025, 17:48 896
Алматыда шыны ыдыс өндіретін зауыт ашылады
Алматы әкімдігі

Алматының Индустриялық аймағында шыны ыдыс өндіретін зауыт іске қосылады. Бұл туралы «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы хабарлады.

6,4 мың шаршы метр аумақта орналасқан кәсіпорын жылына 21,6 мың тоннадан астам өнім шығара алады. 58 жаңа жұмыс орны ашылмақ. 

Зауыттың ашылуы отандық ішкі нарықты толықтай шыны ыдыспен қамтамасыз етіп, Ресей мен Өзбекстаннан келетін импортқа тәуелділікті азайтады.

Айта кетейік, бүгінде елімізде үш шыны зауыты жұмыс істейді. Екеуі Алматыда, бірі Шымкентте. Қазір олар сұраныстың жартысын ғана өтеп отыр.

Жобаны «Бағдар ЛТД» ЖШС «Алматы» ӘКК-нің еншілес ұйымы – «Almaty Finance» ЖШС қаржылай қолдауымен жүзеге асырып отыр. «Almaty Business – 2025» бағдарламасы аясында зауытты іске қосуға 500 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 300 млн теңге жабдық сатып алуға, іске қосу-реттеу жұмыстарына және логистикаға бағытталса, 200 млн теңге айналым қаражатын толықтыруға жұмсалды. Қаржыландыру мөлшерлемесі – жылдық 6%, мерзімі – 4 жылға дейін.

«Жоба тұрақты өндірісті дамытуға және циркулярлық экономиканың қағидаттарын қолдауға бағытталған. Шыны ыдыс шығарумен қатар, зауыт шыны сынықтарын қайта өңдеп, қалдықты кәдеге жарату мәселесін шешуге және қоршаған ортаны қорғауға үлес қосады», – деді «Almaty Finance» ЖШС басқарма төрағасы Берік Құсайынов.

Зауыттың шыны сынықтарын қайта өңдеуі өндірістік қалдық көлемін азайтып, циркулярлық экономиканың дамуына серпін береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #зауыт #шыны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);