AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда Швейцария бағдарламасы бойынша туризм қыз...

Алматыда Швейцария бағдарламасы бойынша туризм қызметкерлерін даярлау басталды

Білім және ғылым 05.07.2021, 15:06 2,573
Алматыда Швейцария бағдарламасы бойынша туризм қызметкерлерін даярлау басталды
almaty-akshamy.kz

Алматыда Қазақстан-Швейцария туризм және қонақ үй бизнесі институтында Швейцария бағдарламасы бойынша туризм қызметкерлерін даярлау басталды. Студенттерді қабылдау 2021 жылдың қыркүйегінде басталады. Қала тұрғындарын оқыту және жұмысқа орналастыру үшін кондитерлер мен наубайшыларды оқыту орталығы да іске қосылды. 


Оқу мейрамхана-қонақ үй кешенінің базасында Швейцария бағдарламасының студенттері ғана емес, сонымен қатар Алматы технологиялық университеті мен колледжінің мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі бағдарламасы бойынша барлық оқушылар тәжірибеден өтеді.



Жоба туризм саласындағы болашақ мамандар үшін жаңа жаттығу базасына болады. Мұнда "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жұмыспен қамту орталығы мен колледждер жасасқан "жаңа жұмыс орындарын құру және жаңа мамандықтарға қайта даярлау" келісімі шеңберінде даярлау мен біліктілікті арттыру орталығының студенттері білім алады. 



Қазақстан-Швейцария туризм және қонақ үй бизнесі институтының директоры Ғалия Өтебекованың айтуынша, студенттерді қабылдау 2021 жылдың қыркүйегінде басталады. Кешенде білім беру мейрамханасында 10 нөмірлі шағын қонақ үй қарастырылған. Инвестиция көлемі 750 млн. теңгені құрайтын 10 жұмыс орны ашылды. 



Оқу мейрамхана-қонақ үй кешенінің мақсаты – туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесін басқару саласында заманауи білім мен практикалық дағдыға ие, қазақстандық және шетелдік нарықта бәсекеге қабілетті кәсіби кадрларды сапалы даярлау. 


Астана күні мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Алматыда кондитерлер мен наубайшыларды оқыту орталығы ашылды. Іс-шараны Медеу ауданы әкімдігі мен RAHYM әлеуметтік үйі бірлесіп ұйымдастырды. 


Жаңа оқу орталығы  30 орынды құрайды, әрі қарай 100 орынға дейін кеңейтіледі. Мұнда аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан қала тұрғындары, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар білім алады. Сабақтар мастер-класс форматында өткізіледі. 


Аспаздық саласындағы сұранысқа ие мамандықтарға оқыту үшін Түркиядан кәсіби шеф-кондитер Четин Чалышкан шақырылды. Оқу орталығының түлектері жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Жоба әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту аясында жүзеге асырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #генплан #мегаполис #развитие #астана күні #Алматы #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);