Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілдері айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматы әкімдігі жүріп-тұруы қиын азаматтарға «Инватакси» қызметін ұсынады. Оны арбамен жүретін, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған азаматтар пайдалана алады.
Сайлау күні қызмет көрсетуге 170 «Инватакси» көлігі жұмылдырылады. Оның 36-сы арнайы жабдықталған көлік болса, 134-і жеңіл автокөлік.
«Инватакси» қызметіне алдын ала тапсырыс беру үшін диспетчерлік қызметтерге хабарласу қажет:
Арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін:
+7 747 195 35 75;
+7 707 710 60 50 (WhatsApp);
+7 747 402 64 15 (WhatsApp).
Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін:
+7 727 338 32 78
+7 700 521 26 33
+7 777 611 13 57 (WhatsApp)
Сонымен қатар 23 тамызда 20 кезекші автокөлік қызмет көрсетеді. Оларды 8 700 151 07 01 және 338-30-09 телефон нөмірлері арқылы шақыруға болады.