ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыда республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр

Алматыда республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр

Өмір-өзен 09.10.2021, 14:15 2,204
Алматыда республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр
Cурет: Egemen.kz
«ASSYL DOMBYRA» ақындар айтысының супер финалы  басталды.

«ASSYL DOMBYRA» ақындар айтысының супер финалы  басталды.


Алматы қалалық мәдениет басқармасы мен «ASSYLTAS»  қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласы, «Алатау» дәстүрлі өнер театрында республикалық «ASSYL DOMBYRA» ақындар айтысының супер финалы  басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Аламан айтысқа төрт іріктеу кезеңінен өткен 18 ақын қатысады.  Олар: Ринат Зайытов, Мұхтар  Ниязов,  Аспанбек Шұғатаев, Мейірбек Сұлтанхан, Шалқарбай Ізбасаров, Қанат Мырзахан, Қазірет Бердіхан, Рүстем Қайыртай, Ерлан Аманқожа, Нұрлан Есенқұлов, Бауыржан Ширмединұлы, Шұғайып Сезімхан, Рауан Қайдаров, Нұрзат Қару, Серік Қуанған,  Айбек Жеңісқазин, Жансая Мусина және Нұрмахан Жақыпбеков.



«Бұл айтыс бұрынғы айтыстан өзгерек. Осы жолғы айтыстың ерекшелігі ақындардың жұбы жеребемен анықталады. Яғни ақындар алдын-ала кіммен айтысатынын білмейді. Іріктеу 4 кезеңнен тұрды. Барлығы 47 ақын қатысты. Бұл да бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Республикадағы ең ауқымды айтыс осы болды», дейді Жүрсін Ерман.



Биылғы ASSYL DOMBYRA ақындар айтысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Жүрсін Ерманның 70 жас мерейтойына орай өткізілді. Сондай-ақ әр іріктеу кезеңінде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына, Мұқағалидің 90 жас мерейтойы мен Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына да арналды. Ұйымдастырушы ASSYLTAS қоғамдық қорының құрылтайшысы Дулат Тастекеевтің айтуынша, суперфиналда ақындар қоғамдағы өзекті проблемаларды қозғап, көрермендер нағыз шаппа-шап айтыстың куәсі болады.



«Суперфиналға кіл мықтылар іріктелініп алды. Айтыстың екі іріктеу кезеңі Алматы қаласында, бірі Алматы облысында және тағы біреуі Орал қаласында өткізілді. Нағыз тартысқа толы сайыстар өтті. Осы жолы финалда Ринат Зайытовтың, Мұхтар Ниязов пен Жансая Мусина сияқты ақындардың болуы сайыстың көркін қыздырады. Жеңімпазға ASSYLTAS қоғамдық қоры асыл тастармен көмкерілген арнайы дайындалған домбырану тарту етеді. Сондай-ақ  қомақты жүлделер тағайындадық», дейді Дулат Тұрсынұлы. 



ASSYL DOMBYRA ақындар айтысының төрт іріктеу кезеңін 3 млнға жуық көрермен youtube арнасынан тамашалаған. Дәл қазір өтіп жатқан суперфиналды көрермендер тікелей эфир арқылы ASSYLTAS TV арнасынан көре алады.
Алатаудан тасқындаған жыр керуені екі күнге созылмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.