Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Республика күніне орай мерекелік концерт...

Алматыда Республика күніне орай мерекелік концерт өтті

Әлеумет 23.10.2024, 16:31 1,782
Алматыда Республика күніне орай мерекелік концерт өтті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Республика сарайында еліміздің басты ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, Қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласының қызметкерлері және бүгін мемлекеттік наградалармен марапатталған азаматтар қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Концерттің ресми бөлімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын сахнаға алып шығып, елдің еңбек сіңірген қайраткері Талғат Күзембаевтың Мемлекеттік әнұранды орындауымен басталды.

Бағдарламада SteppeSons тобы, Карина Абдуллина, ARO және Жұбаныш Жексенұлы, Жанар Доғалова, ALPHA тобы және басқа да танымал артистер патриоттық әндер орындады. Белгілі домбырашы-күйші Асылбек Еңсеповтың «Махаббат өзені» шығармасы бұл жолы екі скрипка дуэтінің сүйемелдеуімен орындалды.

Сонымен қатар, Байғали Серкебаев жас орындаушы Kyle Ruh-пен бірге жарық шоу аясында A’Studio тобының әндерінен попурри айтты. Жастардың кумирі Садраддин «Мелодрама» әнін шырқаса, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобы «Алматы түні» және «Қайдасың?» атты танымал хиттерін орындады. Сондай-ақ, сахнада «Wake up» балетінің шығармашылық және би қойылымдары көрсетіліп, Отанға деген махаббатты бейнеледі. 

Концерт Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева мен елдің еңбек сіңірген қайраткері Біржан Хасанғалиевтің хордың сүйемелдеуімен орындаған «Атамекен» әнімен аяқталып, концерттің барлық қатысушысы сахнаға шықты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тәуелсіздік #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Бүгін 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Бүгін 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Бүгін 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.