AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия...

Алматыда регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Спорт 11.05.2026, 14:08 222 Сұлу
Алматыда регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді
Алматы әкімдігі

10 мамыр күні Алматыда өткен “Asia Rugby Emirates Women’s Championship” халықаралық турнирі мәресіне жетті. Байрақты бәсеке нәтижесінде Қазақстан әйелдер құрамасы регбиден Азия чемпионатының күміс медалін жеңіп алды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Турнирдің соңғы матчында қазақстандық спортшылар Гонконг құрамасымен кездесіп, тартысты ойында 26:26 есебімен тең түсті.

Күміс жүлденің тағдыры Жапония құрамасына қарсы өткен ойындардағы ұпай айырмасына байланысты шешілді. Қазақстан құрамасы бұл көрсеткіш бойынша қарсыластарынан сәл ғана басым түсіп, қажетті нәтижені сақтап қала алды.

Нөсер жауын мен қолайсыз ауа райына қарамастан, ұлттық құрама ойын барысында жоғары дайындық пен табандылық танытып, құрлықтағы мықты командалардың бірі екенін дәлелдеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының сапындағы 26 спортшының 16-сы Алматы қаласының өкілдері.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бұл жетістік команда ішіндегі ауызбіршілік пен спортшылар және жаттықтырушылар штабының қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Турнир қорытындысында Жапония құрамасы чемпион атанса, Қазақстанға екінші орын бұйырды. Ал Гонконг құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

Өз алаңында өткен Азия чемпионатындағы күміс жүлде қазақстандық әйелдер регбиі үшін маңызды тарихи нәтиже саналып, ұлттық құраманың халықаралық деңгейдегі әлеуетін тағы бір мәрте көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);