AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда "Қызғылт қазан" акциясы аясында ашық есік...

Алматыда "Қызғылт қазан" акциясы аясында ашық есік күні өтті

Барлығы 08.10.2025, 09:29 747
Алматыда "Қызғылт қазан" акциясы аясында ашық есік күні өтті
Алматы әкімдігі

4 қазанда Алматы онкологиялық орталығында сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес айлығы "Қызғылт қазан" аясында ашық есік күні өтті. 

Акцияның мақсаты — әйелдердің онкологиялық ауруларды ерте анықтаудың маңыздылығын арттыру және профилактикалық тексеруден тұрақты өту мәдениетін қалыптастыру.

Ашық есік күні аясында 81 әйел мамандардың қабылдауында болды. Тексеру нәтижесінде 6 әйелден қосымша зерттеуді қажет ететін күмәнді өзгерістер анықталды. Ал өзіне қойылған диагнозды нақтылап, өзге маманнан кеңес алуға келген бір науқаста сүт безі қатерлі ісігі диагнозы бұрыннан расталған екен. Қазіргі таңда ол Алматы онкологиялық диспансерінде ем қабылдап жатыр. Емдеу барысы оң нәтиже көрсетіп, дәрігерлер санитарлық мастэктомияны ұсынып отыр.

Сонымен қатар, 62 әйелге сүт безінің ультрадыбыстық зерттеуі (УДЗ) жүргізілді.

Айта кетейік, акция Алматы тұрғындарының ғана емес, сонымен бірге Қонаев қаласы мен Алматы облысының, сондай-ақ Астана мен Ақмола облысының әйелдерінің де қызығушылығын туғызды.

"Қызғылт қазан" айлығы аясында осындай ашық есік күндері 11 және 18 қазан күндері де жалғасын табады. Кез келген әйел осы күндері тегін тексеруден өтіп, қатерлі ісіктің алдын алу мен ерте анықтау жолдары жөнінде мамандардан кеңес ала алады.

Мұндай шаралар дертті ерте анықтауға мүмкіндік беріп қана қоймай, әйелдердің өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сүт безі обыры #ашық есік күні #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);