AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда құрылыс нормаларын бұзған мердігерлер лиц...

Алматыда құрылыс нормаларын бұзған мердігерлер лицензиясынан айырылып жатыр

Алматы 03.06.2026, 09:16 144 yakiya
Алматыда құрылыс нормаларын бұзған мердігерлер лицензиясынан айырылып жатыр
Алматы әкімдігі

Алматыда құрылыс нормаларын бұзған мердігерлер лицензиясынан айырылып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы құрылыс саласындағы заңбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастырып келеді. Жүргізілген бақылау нәтижесінде бірқатар құрылыс және жобалау ұйымына қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, мемлекеттік лицензиялары тоқтатылды немесе қайтарып алынды.

Атап айтқанда, «ҚазҒЗСҚА» АҚ еншілес ұйымы — «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ЖШС құрылыс қызметін жүзеге асыру лицензиясынан айырылды. Бұған компанияда өндірістік базаның болмауы себеп болған. Ал мұндай база құрылыс лицензиясы бар ұйымдар үшін міндетті талаптардың бірі саналады.

Сондай-ақ құрылыс нормаларын бірнеше рет бұзып, бұрын берілген ескертулерді орындамаған «Сәулет Құрылыс Консалтингі» ЖШС-нің де лицензиясы қайтарылды. Компанияға бұған дейін де заңбұзушылықтар үшін бірнеше рет әкімшілік шара қолданылған.

Жобалау жұмыстарымен айналысатын «SK BEST Spec Story KZ» ЖШС-не қатысты да әкімшілік шара қабылданып, І санаттағы жобалау лицензиясы кері қайтарылды. Ал құрылыс талаптарына сәйкес келмеуі және бекітілген жобалық шешімдерден ауытқуы себепті «Отау-Құрмет» ЖШС де лицензиясынан айырылды.

Бұған қоса, қала прокуратурасының ұсынысы негізінде 214 құрылыс компаниясының лицензиясы уақытша тоқтатылды. Бұған олардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі себеп болған. Лицензия тек барлық заңбұзушылық толық жойылып, белгіленген талаптарға сәйкестігі расталғаннан кейін ғана қайта қалпына келтіріледі.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес құрылыс саласындағы заң талаптарының сақталуын бақылау жұмыстары алдағы уақытта да күшейтіле береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);