AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Құлжа тас жолындағы қайта құру жұмыстары...

Алматыда Құлжа тас жолындағы қайта құру жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталады

Әлеумет 10.09.2024, 11:36 1,432 Bakyt
Алматыда Құлжа тас жолындағы қайта құру жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Құлжа тас жолында асфальттың жоғарғы қабаты төселеді, осыған байланысты екі тәулікке көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Құлжа тас жолында Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейінгі аумақтағы жолды қайта жаңарту жұмыстары аяқталуға жақын. Қалалық мобилділік басқармасы 14 қыркүйекте барлық жолақ бойынша көлік қозғалысын толығымен ашуды жоспарлап отыр.

Алайда асфальтбетон төсемінің жоғарғы қабатын төсеуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

  • 11 қыркүйек сағат 23:00-ден 12 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақтың батыс жағында қозғалыс жабылады. Облыстан қалаға келгенде бұл жерді Талғар тас жолы, Бұқтырма, Майлин және Приканальная ҮАК көшелері арқылы айналып өтуге болады.

  • 12 қыркүйек сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін шығыс жақпен жол жүруге болады, сол жерде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

  • 12 қыркүйек сағат 23:00-ден 13 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін жөнделіп жатқан бөліктің шығыс жағында қозғалыс жабылады. Қаладан облысқа шыққанда Талғар тас жолы, Рысқұлов даңғылы және Приканальная ҮАК көшелері арқылы айналып өтуге болады.

  • 13 қыркүйек сағат 06:00-ден 14 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін батыс жақпен жүруге болады, ол жерде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

14 қыркүйек сағат 06:00-ден бастап жол толықтай ашылады, әр бағытта 3 жолақ болады.

Жөнделген учаскеде екі жақты қозғалыс туралы ескерту белгілері орнатылады. Жолақтар жарық шағылыстырғыш конустармен бөлінеді.

Естеріңізге сала кетейік, жоба аясында ұзындығы 2,3 км учаскеде жолақтар санын 4-тен 6-ға дейін кеңейту жоспарланған. Бұл учаскенің өткізу қабілетін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жол жиектеріне тосқауыл қоршаулары, жарықтандыру тіректері орнатылады, ал екі жағынан ені 2-ден 3 метрге дейінгі тротуарлар салу жұмыстары жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #құлжа жолы #көлік қозғалысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);