ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қ...

Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Түбі бір түркі әдебиеті» атты дөңгелек үстел өтті

Мәдениет 18.03.2025, 10:51 607
Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Түбі бір түркі әдебиеті» атты дөңгелек үстел өтті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Оған Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Минходжиддин Хожиматов, екі елдің танымал қаламгерлері қатысты, деп хабарлайды...

Оған Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Минходжиддин Хожиматов, екі елдің танымал қаламгерлері қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Кездесудің негізгі тақырыбы – әдеби байланысты нығайту және әдебиеттің оқырмандарға ықпалы. Қазақ пен өзбек халқының әдебиеті мен мәдениеті терең тарихи және рухани байланысқа ие екені баршаға мәлім. Бұл жақындықтың қайнар бастауы ортақ түркілікте жатқаны белгілі.

Қазіргі уақытта да бұл үрдіс жалғасуда. Қазақ пен өзбек әдебиетінің жаңа буын өкілдері шығармаларын бір-біріне аударып, әдеби байланыстарды нығайтуда. Өзбекстаннан келген делегация ҚР Ұлттық кітапханасын аралады. Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінде арнайы көрме ұйымдастырылып, қонақтар қорда сақталған бірегей мұралармен танысты. Олардың қатарында XVIII ғасырдағы Құран, Қожа Ахмет Ясауидің «Рисала» (XVI ғ.), «Диуани Хикмет» (XIX ғ.), «Хикмет Хазретиі» (XVIII ғ.), сондай-ақ оның ата-тегі туралы тарихи шежіре «Насабнама» (XVII ғ.) және шәкірті Сүлеймен Бақырғанидың «Хикметтері» бар. Сонымен қатар шығыс әдебиетінің жауһарлары – Низами Гәнжауидің «Хамса» (XV ғ.), Әлішер Науаидің «Диуаны» (XVII ғ.), Әбілқасым Фирдоусидің «Шаһнамасы» (XVIII ғ.) да ерекше назарға ілікті. Іс-шара аясында Өзбекстанның әдебиеті мен мәдениетіне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Өзбекстан Республикасынан келген делегация құрамы мен қазақ қаламгерлері қазақтың бас ақыны Абайдың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, академик, классик жазушы Мұхтар Әуезовтің музей-үйіне барып, тарихи жәдігерлермен танысты.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістанда Қазақстан мен Өзбекстанның белсенді жастарының қатысуымен «Достық көпірі» форумы өткен болатын. Форумда жұмысшы мамандықтарды насихаттау және еңбек нарығына жасанды интеллекттің әсері секілді мәселелер талқыланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.