Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Қорғаныс министрі Голан жоталарына жібері...

Алматыда Қорғаныс министрі Голан жоталарына жіберілетін бітімгерлердің дайындығын тексерді

Алматы Бүгін 10:21 22
Алматыда Қорғаныс министрі Голан жоталарына жіберілетін бітімгерлердің дайындығын тексерді
Сурет: Қорғаныс министрлігі

Алматыға жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов БҰҰ-ның Голан жоталарындағы миссиясына баруға дайындалып жатқан 3-ші ұлттық бітімгерлік контингенттің әскери қызметшілерімен кездесті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бөлімше командирі подполковник Ілияс Алматов жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға әзірлігі туралы баяндады.

— Дайындық халықаралық стандарттарға сай жүргізілуде. Жеке құрам миссия аймағына аттануға толық дайын, — деді ол. Әскери қызметшілерге арнаған сөзінде қорғаныс министрі алдағы миссияның маңыздылығын атап өтті. — Бітімгерлік операцияға қатысу — үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Қазақстандық контингент ел басшылығы мен БҰҰ миссиясы қолбасшылығының сенімі мен құрметіне ие. Сіздер елімізді лайықты түрде танытасыздар деп сенемін, — деді авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.

Министр сондай-ақ жауапкершілік аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қазақстандық бітімгерлердің қосқан үлесін атап өтті. Сол күні Армия үйінде «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ басқарушы директоры Нұркен Ержанов министрге Defence Tech кеңсесін таныстырды. Бұл – қорғаныс саласына арналған көпфункционалды инновациялық хаб. Аталмыш орталық қорғаныс саласына қажетті перспективалы әзірлемелерді іздеу және іріктеу, идеядан бастап прототип жасауға және пилоттық жобаға енгізуге дейін қолдаумен айналысады. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің ведомстволық ұйымдарымен, ғылыми қауымдастықпен және стартап-экожүйемен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қорғаныс министрі #Бітімгерлер #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Оразаң қабыл болсын, Қасеке!

Бүгін 11:48

Шымкентте фармацевтикалық өндіріс кеңейеді: 39,5 млрд теңге жеке инвестиция тартылды

Бүгін 11:38

2025 жылы 300 мыңнан астам жас алматылық қалалық жобаларға тартылды

Бүгін 11:25

Қысқы Олимпиада - 2026: әлем көз тіккен дода несімен есте қалды?

Бүгін 10:59

95 млн теңге көлемінде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды

Бүгін 10:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі