Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Қоқысты кофе/снэкке айырбаста» акциясыны...

Алматыда «Қоқысты кофе/снэкке айырбаста» акциясының алдын ала қорытындысы шығарылды

Әлеумет 30.04.2024, 13:02 1,016
Алматыда «Қоқысты кофе/снэкке айырбаста» акциясының  алдын ала қорытындысы шығарылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ағымдағы жылдың 30 сәуірі «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық кампанияның аясында «Қоқысты кофе/снэкке айырбаста» акциясы өтуде.


Акция басталғалы бері, 15 сәуірден 29 сәуірді қоса алғанда, алматылықтар екі тоннадан астам (2 148 кг) қайталама шикізат өткізіп, 1354 купон алды. Акция 2024 жылғы 8 мамырға дейін өтеді және қалдықтармен байланысты мәселелер мен оларды қайта өңдеудің маңыздылығы туралы хабардар болуға бағытталған.


Акцияға Алматы қаласының барлық тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Қатысушыларға макулатура, пластикалық бөтелкелер, алюминий банкалар, шыны бөтелкелерді қоса алғанда, қайта өңдеу үшін өз бетінше белгілі бір мөлшерде қайталама шикізат жинау ұсынылады.


Жиналған материалдар қайталама шикізатты қабылдау пункттеріне келесі мекенжайлар бойынша тапсырылады.



Қабылдау пункттері



  1. Алатау ауданы, Ecosen, Нұркент шағынауданы, 7/1

  2. Алмалы ауданы, Ecosen, Байзақов көшесі, 73/1

  3. Әуезов ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, 8-ші шағынаудан, 58а

  4. Әуезов ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, Аксай-3 ш/а, 1а/1

  5. Бостандық ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, Тимирязев көшесі, 81/3, дүңгіршек

  6. Бостандық ауданы, Ecosen, Розыбақиев көшесі, 247/3

  7. Медеу ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, Самал-1 ш/а, 32-дүңгіршек

  8. Медеу ауданы, Hello Eco экотауарлар дүкені, Самал-2 ш/а, 56А үй

  9. Жетісу ауданы, Қазыбаев көшесі, 264а (Карина Trading)

  10. Наурызбай ауданы, Райымбек даңғылы, 548/2

  11. Түрксіб ауданы, Жас Қанат ш/а, 1/28


 Әр материал үшін купонның бес түрі ұсынылады: пицца, бургер, кофе, донер және додстер купоны. Берілген әрбір купонның осы науқанға қатысатын тамақтану орындарының мекенжайлары бар өзінің бірегей промокоды болады.


Қатысушылар қайталама шикізатты келесі шарттармен купондарға айырбастай алады:



  • 2 кг макулатура (қағаз, картон) балмұздақ купонына;

  • 1 кг пластикалық бөтелкелер (ПЭТ бөтелкелері) бургер купонына;

  • 1 кг алюминий банкалар донер купонына;

  • 3 кг мөлдір шыны (түссіз) бөтелкелер кофе купонына.


 


Купондардың жарамды мерзімі – 2024 жылдың 8 мамырына дейін. Акцияның серіктестері Salam Bro, Dodo pizza, Gippo, Degirmen, Zheka’s ice компаниялары болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көктем #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.