ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін арт...

Алматыда қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін арттыру үшін полиция дрондарды қолданады

Алматы 08.01.2026, 17:50 228
Алматыда қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін арттыру үшін полиция дрондарды қолданады
Сурет: Polisia.kz
Алматы қаласында қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметінде ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуда, – деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Алматы қаласында қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметінде ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуда, – деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Халық тығыз орналасқан, көлік қозғалысы қарқынды әрі қалалық өмір белсенді ортада дрондар заманауи әрі тиімді мониторинг құралы ретінде пайдаланылуда. Ұшқышсыз ұшу аппараттары қоғамдық орындарда, көше-жол желісінде, азаматтардың жаппай жиналатын және оларға іргелес аумақтарда жалпы ахуалды бақылауға мүмкіндік береді. Оларды пайдалану қоғамдық тәртіптің бұзылуының алдын алуға, оның ішінде ұсақ құқық бұзушылықтарды анықтауға, сондай-ақ төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге бағытталған. Дрондарды пайдалану нақты уақыт режимінде болып жатқан жағдайдың объективті көрінісін алуға, адамдардың шоғырлануын, қозғалыстағы қиындықтарды, қауіпсіздігі төмен учаскелерді, абаттандыру қағидалары мен қоғамдық тәртіптің бұзылуын дер кезінде анықтауға, сондай-ақ полиция жасақтарының әрекеттерін тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді. Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаевтың айтуынша, заманауи технологиялар полицияның профилактикалық жұмысының ажырамас бөлігіне айналуда. 

– Дрондар – ең алдымен алдын алу құралы. Олар бізге жағдайды кең ауқымда көруге көмектеседі: тек жолдарда ғана емес, сонымен қатар қоғамдық кеңістіктерде – аулаларда, алаңдарда, адамдар көп жиналатын орындарда. Мұндағы басты мақсат – тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз орда қалыптастыру, – деп атап өтті Серік Шумаев. 

Полиция департаментінде ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкес пайдаланылатынын және олардың қызметі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға, сондай-ақ "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыруға бағытталғанын атап өтті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.