AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қоғамдық көлікке арналған жолақ көбейіп,...

Алматыда қоғамдық көлікке арналған жолақ көбейіп, жаңа веложолдар пайда болады

Әлеумет 06.12.2023, 03:19 809
Алматыда қоғамдық көлікке арналған жолақ көбейіп, жаңа веложолдар пайда болады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда алдағы уақытта шешілуге тиіс қалалық көлік саласындағы үш негізгі мәселе бар. Ең алдымен, маршруттарды оңтайландыру, автобустар мен троллейбустар үшін толыққанды инфрақұрылым құру, сонымен қатар, қарбалас уақытта қоғамдық көліктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қажет. Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевтың айтуынша, қазақстандық нормативтер қаланың тар көшелерінде әрдайым мүмкіндік бола бермейтін арнайы қоғамдық көлік жолақтарын құру үшін алты жолақтың болуын талап етеді.



«Алматы үшін арнайы техникалық шарттарды әзірлеп жатырмыз, осы мәселені де қамтығымыз келеді, сонымен қатар жолақтың енін азайтуды ұсынамыз. Қазір оның ені көліктер үшін 3,5 метр, қоғамдық көліктер үшін 4 метр. Көптеген елде жолақтардың өлшемі сәйкесінше 2,7 және 3,1 метр. Қаламыз үшін де осындай параметрді көздеп отырмыз. Содан кейін таңба сызуды өзгерте аламыз, жолда бос жерлер қалады, онда біз қоғамдық көліктер мен веложолдарға арналған жолақтарды жабдықтаймыз», - деп жоспарын бөлісті. 



Бұған қоса, Райымбек даңғылында жылдам транзит (БРТ) жобасына ерекше назар аударылады. Автобустар үшін басымдықты қамтамасыз ету үшін екі жолақты (жолдың әр жағынан бір) толығымен қоғамдық көлікке беру, арнайы бағдаршамдар мен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату жоспарға енген. Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы халықаралық Turkic Game Jam 2026 хакатонының алаңына айналды

Кеше 17:13

Алматы есірткіге қарсы бірікті: ҚБТУ алаңында алып ту жайылды

Кеше 16:51

Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті

Кеше 16:40

Алматыда кезекті заңсыз нысан сүрілді

Кеше 16:02

Алматыда Достық даңғылының, Зенков және Атамекен көшелерінің жекелеген учаскелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі

Кеше 16:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);