AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыда ҚазҰПУ-нің 300 оқытушысы вакцина алды

Алматыда ҚазҰПУ-нің 300 оқытушысы вакцина алды

Өмір-өзен 15.06.2021, 13:30 2,409
Алматыда ҚазҰПУ-нің 300 оқытушысы вакцина алды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл - жақындарының, әріптестері мен студенттерінің денсаулығына қамқор болатын оқытушылардың саналы таңдауы.


Бұл ақпаратты Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында басқарма төрағасы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Дархан Біләлов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Ол індет кезінде жоғары және орта білім беру жүйесі қашықтан оқытудың жаңа тәжірибесіне ие болғанын, бірақ офлайн форматқа оралу ең жақсы шешім болатынын айтты.


Дархан Біләловтің айтуынша, коронавирус — бүкіл әлемді дүр сілкіндірген аурулардың бірі. Сондықтан педагогикалық университеттің қызметкерлері өз еркімен вакцина алу туралы шешім қабылдады. 298 адам екпе алды. Бұл - жақындарының, әріптестері мен студенттерінің денсаулығына қамқор болатын оқытушылардың саналы таңдауы.



«Пандемия барлық жоғары оқу орындарына қашықтан оқытудың жаңа тәжірибесін әкелді. Оны ұмытпау керек. Аралас оқыту форматының артында мұғалімдердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін болашақ бар. Қашықтан оқытудың жағымды жақтарына қарамастан, студенттер офлайн режимде жақсы оқиды. Студент жастарды ата-аналары мен жақындарына жауапкершілік танытуға шақырамын. Егер сіз ауру жұқтырсаңыз, отбасындағы қарт адамдардың сауығуы өте қиын», — деді Дархан Біләлов. 



Ректор оқытушыларды, студенттерді, талапкерлерді, студент жастарды вакцина алуға және ұжымдық иммунитетті құруға шақырды. Бұл - коронавирустық пандемияға қарсы тұрудың жалғыз жолы және қалыпты өмір салтына оралудың кепілі. Дархан Біләловтің айтуынша, мамандарды тарта отырып, вакцина жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. 


Жалпы, Алматыда, 14 маусымдағы жағдай бойынша, КВИ-ға қарсы вакцинаны 345 465 адам алды. 60 жастан асқандар саны 35 972 адамды құрайды. Медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базарлар мен қаланың СОСО-да 208 вакцина пункттері жұмыс істейді. 1256 адамнан құралған 307 екпе бригадасы бар. Кәсіпорындар мен оқу орындарының ұжымдарын вакциналау үшін мобильді бригадалар жұмыс істеуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Токаев #амнистия #независимость #Акорда #Алматы #ҚазҰПУ #КазНПУ #вакцина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);