AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қазақтың ұлттық мұрасын сақтап қалған ұст...

Алматыда қазақтың ұлттық мұрасын сақтап қалған ұстаз бен шәкірт туралы кітап жарық көрді

Әлеумет 30.05.2023, 14:07 1,320 Almaty-akshamy
Алматыда қазақтың ұлттық мұрасын сақтап қалған ұстаз бен шәкірт туралы кітап жарық көрді
Сурет: Ашық дереккөз

Деректер мұрағаттан алынған


Алматыда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай "Ұстаз бен шәкірт" кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Жинақта заңғар жазушы Мұхтар Әуезов пен абайтану ғылымының негізін салушы Қайым Мұхамедхановтың арасындағы рухани байланыс көрініс тапқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Еңбек авторы - Қайым Мұхамедхановтың қызы Дина Мұхамедхан. Деректер мұрағаттан алынған. Расында қос тұлға ұстаз бен шәкірт ұғымының жарқын үлгісін көрсетті. Өмірлеріне қауіп төнгеніне қарамастан қазақ халқының жойылып кете жаздаған ұлттық мұрасын сақтап қалды. Атап айтсақ, 18-20 ғасырлардағы канондық мәтіндерден бастап, эпос пен фольклорды кейінгі ұрпаққа аманаттады. Оған қоса, Абай мектебі мен мәтінтану сияқты ғылымның жаңа бағытын ашты. Қайым Мұхамедханов Абайдың тұңғыш мұражайын құрып, "Абай-Алаш" тұжырымдамасын жасады, деп хабарлады "Хабар 24".


"Әуезовті көрсетсең, сенің ғылыми еңбегің де сақталады, болашағыңа кең жол ашылады дегенге қарамай, адалдық танытып, сол заманда 50-ші жылдары  қорғаған еңбегін қайтадан тәрк еткізіп, сол кездегі саясаттың әсерімен 25 жылға бас бостандығынан айырылып, Карлагта Қарағанды лагерінде өткізді. Сталин өмірден өткенше 4-5 жыл өмірдің азабын көрген кісі", -  дейді жазушы Дәулет Сейсенұлы. 


"Үлкен білім жолына түскен адамдардың, солардың арасындағы ұстаздық  шәкірттік қатынас, оны білуіміз керек.  Білім деген ол-ақиқатқа, әділеттілікке жол іздеу. Қайым Мұхтар ағасына замандас бола білді, ізбасар бола білді", - дейді мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап #Дерек #архив
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);