Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Qazaqstan IGF 2024 интернетті басқару жөн...

Алматыда Qazaqstan IGF 2024 интернетті басқару жөніндегі екінші ұлттық форумы өтеді

Әлеумет 24.09.2024, 17:46 1,965
Алматыда Qazaqstan IGF 2024 интернетті басқару жөніндегі екінші ұлттық форумы өтеді
Сурет: Gov.kz

2024 жылғы 17 қыркүйек Алматы қаласы, Қазақстан – Екінші Qazaqstan IGF 2024: интернетті басқару жөніндегі Ұлттық форум 16 қазанда Алматы қаласының жетекші IT хабында, SmArtPoint-те өтеді.

Бұл маңызды оқиға Қазақстанда ашық және қауіпсіз цифрлық кеңістіктің құрылуына ықпал етеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Интернетті басқару жөніндегі жаһандық форумның (The Internet Governance Forum, IGF) бөлігі ретінде IGF ұлттық бастамалары Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшылығының қолдауымен өткізілетін төрт құрлықтағы әлемнің 106 елінде ұсынылған.

Qazaqstan IGF - мемлекеттік органдар, жеке сектор, азаматтық қоғам және академиялық ортаның 200-ден астам өкілінің интернет пен киберқауіпсіздікке қатысты көптеген мәселені талқылайтын жыл сайынғы бірегей ұлттық форумы.

Атап айтқанда, шарада мынадай тақырыптар қамтылады:

  • Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру тәсілі ретінде интернетті көпжақты басқару;
  • Жасанды интеллект дәуіріндегі құпиялылық;
  • Криптовалюталардың эволюциясы және оларды реттеу;
  • Жеке байланыс желілері, цифрлық теңсіздікті жеңу;
  • Парламенттік бастама: цифрлық заңнаманы кодификациялау;
  • Қазақстанның цифрлық болашағындағы әйелдердің рөлі;
  • Онлайн платформаларды Ұлттық реттеу; және тағы басқалар.

Бұдан басқа, іс-шарада «Digital Rights Center Qazaqstan» (DRCQ) заң фирмасының сарапшылары жасаған корпоративтік басқару, пікір білдіру еркіндігі және құпиялылық бойынша көрсеткіштерді ескере отырып, телеком, финтех және е-commerce үш секторы бойынша «Цифрлық құқықтарды сақтау рейтингі 2024» нәтижелері ұсынылатын болады.

Qazaqstan IGF 2024 ұйымдастырушылары:«Eurasian Digital Foundation» қоры және DRCQ Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшылығының ресми қолдауымен, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік комитетімен, «Digital Paradigm» ҚҚ, Maqsut Narikbayev University және «BlockchainKZ» блокчейн технологиясын әзірлеушілер мен пайдаланушылар қауымдастығымен серіктестікте.

IGF ұлттық бастамасы көпжақты диалог құруды ынталандырады және БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді #9 «Өнеркәсіп, инновация және инфрақұрылым» және #17 «Тұрақты даму үшін серіктестік».

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Qazaqstan IGF 2024 #Алматы #ұлттық форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.