ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда қазақ тіліндегі алғашқы жасанды интеллект...

Алматыда қазақ тіліндегі алғашқы жасанды интеллект кітабы таныстырылады

Не? Қайда? Қашан? 08.03.2025, 15:05 810
Алматыда қазақ тіліндегі алғашқы жасанды интеллект кітабы таныстырылады
qazaq.today
Қазақстанда жасанды интеллект туралы қазақ тілінде жазылған алғашқы кітаптың тұсаукесері өтпек. «Жасанды интеллект әліппесі» атты еңбектің таныстырылымы 11 наурыз күні Алматы қаласындағы Smart...

Қазақстанда жасанды интеллект туралы қазақ тілінде жазылған алғашқы кітаптың тұсаукесері өтпек. «Жасанды интеллект әліппесі» атты еңбектің таныстырылымы 11 наурыз күні Алматы қаласындағы Smart Point орталығында (Smart Space залы, Байзақов көшесі, 280) сағат 14:00-де өтеді. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Кітаптың таныстырылымында жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының маңызы, болашағы және Қазақстандағы даму перспективалары жан-жақты талқыланады. Сонымен қатар, IT, киберқауіпсіздік, биотехнологиялар сияқты заманауи салалар бойынша пікір алмасу өтеді.

Кітап авторы Мейіржан Әуелханұлы бұл еңбек қазақ оқырмандарына ЖИ әлемін тереңірек түсінуге көмектесетінін атап өтті:

"Бұл кітап – жасанды интеллектке қызығатын кез келген адам үшін пайдалы құрал. Мұнда теориялық мәліметтермен қатар, нақты тәжірибелік қолдану мүмкіндіктері де қамтылған", – деді ол.

Белгілі журналист Қайнар Олжай кітаптың мазмұны мен құрылымына жоғары баға беріп:

"Қазақ тілінде жасанды интеллект туралы сапалы ақпарат алу қиын. Бұл кітап – осы олқылықтың орнын толтыратын құнды еңбек. Мұнда ЖИ өнімдерін ұсынатын компаниялар, негізгі терминдер мен практикалық тапсырмалар қамтылған", – деп атап өтті.

2024 жылы әлемдік ЖИ нарығының құны 190 миллиард доллардан асты. Қазақстан да бұл саланың дамуына үлес қосып, ЖИ-ді өндіріс, медицина, қаржы, білім беру салаларында белсенді түрде енгізуде.

Осы бағытта білімді дамытуды мақсат еткен AI-Hub Publishing баспасы құрылып, қазақ тілінде ЖИ, IT, киберқауіпсіздік, биотехнологиялар тақырыптарында ғылыми-көпшілік еңбектерді шығаруды жоспарлап отыр.

«Жасанды интеллект әліппесі» кітабы – қазақ оқырмандары үшін жаңа технологияларды меңгеруге арналған алғашқы толыққанды еңбек. Тұсаукесер жасанды интеллектке қызығатын барлық мамандар мен студенттер үшін маңызды шара болмақ.

Байланыс: +7 700 973 20 01

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.