AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда қазақ қыздарына тіл тигізген шетелдіктер...

Алматыда қазақ қыздарына тіл тигізген шетелдіктер жазаланды

Барлығы 08.02.2026, 15:16 380 Сұлу
Алматыда қазақ қыздарына тіл тигізген шетелдіктер жазаланды
сурет: freepik.com

Алматы соты әлеуметтік желілердегі ұсақ бұзақылық жасаған екі шетелдікке әкімшілік қамау тағайындады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Медеу ауданы полиция басқармасы жанындағы бөлімде екі шетелдікке қатысты әкімшілік іс қозғалған.

"Бұл тұлғалар әлеуметтік желіде қоғамдық тәртіп нормаларын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарын бұзатын балағат сөздер қолданғаны анықталды. Материалдар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Істі қарау қорытындысы бойынша сот екі құқықбұзушыға да 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау тағайындау туралы шешім қабылдады", - делінген полиция хабарламасында.

Қазақ қыздарына қатысты қорлайтын жарияланым Threads әлеуметтік желісінде шыққан.

Алматы қалалық полиция департаменті интернет кеңістігі жауапкершіліксіз аймақ емес екенін атап өтеді. Әлеуметтік желілердегі айтылған сөздер мен әрекеттер қоғамдық орындардағы әрекеттер сияқты бағаланады.

Полиция азаматтығына және қарым-қатынас форматына қарамастан, заң талаптарын сақтауға және өзара құрметпен сөйлесуге шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);