AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда қарақшылық шабуыл жасаған Тәжікстан азама...

Алматыда қарақшылық шабуыл жасаған Тәжікстан азаматтары құрықталды

Заң мен тəртіп 11.08.2023, 06:47 1,254
Алматыда қарақшылық шабуыл жасаған Тәжікстан азаматтары құрықталды
Сурет: ҚР ІІМ

Тәжікстан азаматтары алтын бұйымдар мен ұялы телефон тонады деген күдікке ілінді. Үш ер адам жас келіншектің пәтеріне кіріп, мүлкін тартып алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. zakon.kz сілтеме жасап.


Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасыловның айтуынша, ұрланған заттар тәркіленіп, заттай айғақ ретінде іс материалдарына тіркелген.


-Жәбірленуші үйде болған. Таңертеңгі сағат 10:00 шамасында бетперде мен бас киім және қара спорттық киім киген үш жігіт пәтердің ашық тұрған есігіне кіріп келген. Олар күш қолданамыз деп қорқытып, алтын бұйымдар мен IPhone 11 маркалы телефонын тартып алған. Айтпақшы, қыз шабуыл жасаушылардың бірінен анасының танысын таныған. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Олар 28, 27 және 31 жастағы Тәжікстан азаматтары. Сондай-ақ күдіктілер қылмыс орнына Lada Priora көлігімен келгені анықталды. Ұрланған заттар тәркіленіп, заттай айғақ ретінде іс материалдарына тіркелді. Ұсталғандар қамауға алынды, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.


Тергеу қарақшылық шабуылға басқа күдіктілердің де қатысы барын жоққа шығармайды. Олардың жеке басы анықталып жатыр.


Қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер таратуға жатпайды.


ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұрлық #тергеу #Алматы #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);