AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда қант диабетімен ауыратындарды дәрі-дәрмек...

Алматыда қант диабетімен ауыратындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде іркіліс болған жоқ

Барлығы 24.12.2025, 16:40 895
Алматыда қант диабетімен ауыратындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде іркіліс болған жоқ
Сурет: Gov.kz

Әлеуметтік желіде қант диабетімен ауыратындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты неше түрлі қауесет тарап жатыр.  Алматының бас штаттан тыс эндокринологы Светлана Большакова осы жағдайға байланысты түсініктеме беріп, тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды.

Оның айтуынша, қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған дәрі-дәрмектер қаланың барлық медициналық ұйымдарында жеткілікті екен. Дәрі-дәрмекпен, оның ішінде инсулинмен қамтамасыз етуде ешқандай іркіліс болмапты.

Сонымен қатар, алғаш рет қант диабеті диагнозы қойылған пациенттер үшін қаладағы медициналық ұйымдар қосымша өтінім қалыптастырып, оларды Бірыңғай дистрибьютор — «СК-Фармация» ЖШС-не жолдағаны атап өтілді.

Бұдан бөлек, 2025 жылғы 20 қарашада әлеуметтік маңызы бар аурулар, соның ішінде қант диабеті бойынша дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында қосымша өтініштер жиналды. Қазірдің өзінде Алматының медициналық ұйымдарын осы дәрі-дәрмекпен толық қамтып жатыр, жеткізіп беру жұмысын биылғы 26 желтоқсанға дейін аяқтамақшы.

Дәрі-дәрмек алу барысында сұрақ туып, әлдебір қиындықтар болып жатса науқастар ең алдымен өздерінің медициналық ұйымына — пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуі керек. Олардың мекенжайы мен  байланыс нөмірі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтында жазылған.

Егер мәселе онда да шешілмей жатса, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына 1312 қысқа нөмірі арқылы тікелей хабарласа аласыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);