AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда қалдықты қайта өңдеу, викторина және шыға...

Алматыда қалдықты қайта өңдеу, викторина және шығармашылық белсенділіктерге арналған экоуикенд өтті

Алматы 07.09.2026, 17:31 356
Алматыда қалдықты қайта өңдеу, викторина және шығармашылық белсенділіктерге арналған экоуикенд өтті
Алматы әкімдігі

Алматыдағы MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығының Event Space алаңында 5 қыркүйекте экоуикенд өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оған қала тұрғындары мен қонақтарымен қоса, жүзден астам адам қатысты. Іс-шараны ECO Network «Eco Almaty» ЖШС-нің ақпараттық қолдауымен ұйымдастырды.

Экоуикендтің негізгі мақсаты – экологиялық әдет қалыптастыру, қалдықтарды сұрыптап жинау мен қайта өңдеудің маңызын түсіндіру және жауапты тұтыну мәдениетін дамыту. Қатысушылар үшін танымдық іс-шаралар, балалар мен ересектерге арналған сабақтар, сондай-ақ интерактивті викторина ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қалдықты қайта өңдеу үдерісі де көпшілік назарына ұсынылды. Қонақтарға қалдықты сұрыптағаннан кейін материалдың қандай жолдан өтетіні көрсетілді. Яғни, оны жинау мен фракцияға бөлу кезеңінен бастап қайта өңдеуге және жаңа өнім жасауға дейінгі кезеңдер көрсетілді.

Экологиялық сауаттылықты арттыруға да ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар ойын форматында қоршаған ортаға қатысты білімін тексеріп, күнделікті әдеттердің экологиялық жағдайға қалай әсер ететінін білді.

Бағдарламаның шығармашылық бөлігінде Bedazzled шеберлік сабағы ұйымдастырылып, қатысушылар түрлі бұйымдар жасады.

Экоуикенд практикалық, танымдық және шығармашылық бағыттарды біріктіріп, қатысушылар қалдықтарды бөлек жинау арқылы оларды екінші шикізат ретінде қайта айналымға енгізуге болатынын көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);