конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауыты салынбақ...

Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауыты салынбақ

Алматы Бүгін 09:35 54
Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауыты салынбақ
Primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Hunan Junxin Environmental Protection Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даогомен кездесу өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Онда Алматы қаласында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауытын салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды. Бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Hunan Junxin Environmental Protection Co., Ltd  компаниясы арасында қол қойылған инвестициялық келісімге сәйкес осы жылдың мамыр айында 145 млрд теңгелік инвестициялық жоба жүзеге асырыла бастаған болатын.

Hunan Junxin Environmental Protection Co., Ltd директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даого жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға дайындық жүріп жатқанын хабарлады. Қуаты тәулігіне 2 мың тоннаға дейінгі қалдықтарды қайта өңдеуге жететін кәсіпорын 60 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіре алады, көмір қышқыл (CO2) газының қалдықтарын жылына 200 мың тоннаға дейін қысқартып, жыл сайын қоқыс полигоны аумағының шамамен 800 мың текше метр көлемін босата алады. Құрылыс кезеңінде кемінде 700 жұмыс орнын және іске қосылғаннан кейін 120 тұрақты жұмыс орнын құру көзделген.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударатынын атап өтті. Жаңа Конституцияда қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясат пен азаматтық жауапкершіліктің негізгі қағидаттарының бірі ретінде бекітілген. Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасайтыны атап өтілді. Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстанның басқа да  өңірлерінде осындай жобаларды жүзеге асыру арқылы қалдықтарды кәдеге жарату саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр Экология және табиғи ресурстар министрлігіне және басқа да жауапты мемлекеттік органдарға компаниямен шұғыл түрде ынтымақтастықтың барлық аспектілерін зерделеуді және бір ай ішінде Қазақстанның бірқатар ірі қаласында қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі зауыттар салу туралы келісімге қол қоюға дайындауды тапсырды.

Бұған дейін хабарланғандай, Үкімет Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Павлодар және басқа да қалаларда қалдықтарды кәдеге жарату зауыттарын салу мәселесін пысықтауда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қалдықтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда базар өртенді

Бүгін 10:12

2027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергетикалық қуат іске қосылмақ

Бүгін 09:51

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:15

Алматыда бір тәулікте жол ережесі 2 092 рет бұзылған

Бүгін 08:33

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Медеу ауданындағы Құрмет көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 19:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);