AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда қалалық 28-спартакиада өз мәресіне жетті

Алматыда қалалық 28-спартакиада өз мәресіне жетті

Спорт 28.01.2025, 11:27 841 Досбол АТАЖАН
Алматыда қалалық 28-спартакиада өз мәресіне жетті
Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев

Жарысқа 19 колледждің командалары қатысып, 7 түрлі спорт түрінен сайысқа түсті

 9 қаңтар күні басталған Алматы қаласы мемлекеттік колледждерінің оқытушылары мен қызметкерлері арасында өткен қалалық 28-спартакиада өз мәресіне жетті. Жарысқа 19 колледждің командалары қатысып, 7 түрлі спорт түрінен сайысқа түскен болатын. Атап айтқанда, баскетбол, шахмат (шашкі), тоғызкұмалақ, үстел теннисі, волейбол, футбол және ұлттық ойындар (асық ату, дартс, бұқа тартыс, арқан тартыс).

Білім басқармасына қарасты Қалалық денешынықтыру және оқу-тәжірибелік орталығының спорт әдіскері Нұрғали Орынғалиевтің айтуынша, спартакиада ұлттық спорт түрлерін танымал ету, салауатты өмір салтын насихаттау, Алматы қаласы колледждері оқытушыларының арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

– Спартакиада жоғары деңгейде өтті, өте тартысты жарыс болды. Өзін жақсы көрсете білген ұжымдар жеңіске жетті. Енді республикалық дәрежеде колледж студенттері арасында жарыс өткізуді жоспарлап отыр. Ал осы қалалық спартакиадада үздік болған адамдар іріктеліп, республикалық жарысқа жіберіледі. Жалпы, бұл спорттық іс-шараларымыз колледж мұғалімдері мен қызметкерлеріне ұнады деп ойлаймыз. Олар осындай іс-шаралардан сергіп, жігер-күш алады. Колл едж студенттері үшін де ұстаздарының осындай жарыстарда жеңіске жетуі серпін береді, – деді Нұрғали Орынғалиев.

Спартакиада нәтижесі бойынша жалпыкомандалық бірінші орынға Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі ие болды. Екінші сатыдан Алматы көлік және коммуникациялар колледжі көрінді. Жалпыкомандалық үшінші орын Алматы политехникалық колледжіне бұйырса, Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжі 4-орынға жайғасты. 

– Бұл жарыс жыл сайынан негізінен ерлер арасында өтетін. Бірақ биыл спартакиадаға қыздар да қосылды. Жалпы, ер жігіттер 5 спорт түрінен, қыздар 3 спорт түрінен бақ сынады.

Сондай-ақ, ұлттық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлінді. Барлығы 7 спорттүрінің төртеуінен Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі жеңіске жетіп, осылайша жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды, – деді Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асхат Жанбосынов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Студент #Спартакиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);