AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Қала күніне орай Нұрғиса Тілендиев музейі...

Алматыда Қала күніне орай Нұрғиса Тілендиев музейі жаңартылды: экспозицияны әкім Дархан Сатыбалды аралап көрді

Барлығы 03.09.2025, 15:51 887 Сұлу
Алматыда Қала күніне орай Нұрғиса Тілендиев музейі жаңартылды: экспозицияны әкім Дархан Сатыбалды аралап көрді
Алматы әкімдігі

Алматыда Қала күні мерекесі және Халық Қаһарманы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, дирижер әрі күйші Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай мемориалдық музейде қайта жаңғыртылған экспозиция ашылды. 

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, композитордың қызы дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева, сондай-ақ зиялы қауым мен мәдениет өкілдері жаңартылған музейді аралап көрді. Қала басшысы атап өткендей, музейдің жаңаруы мегаполистің мәдени өміріндегі маңызды оқиға болып отыр.

1979-1998 жылдары композитор отбасымен тұрған бұл үй бүгінде мемориалдық музей ретінде жұмыс істейді. Мұнда қазақ музыкасының озық туындылары дүниеге келген, шығармашылық кездесулер мен репетициялар өткен сол кезеңнің атмосферасы сақталған.

Жаңғыртудан кейін көрме залдарының аумағы 161 шаршы метрге дейін ұлғайды. Музейге заманауи мультимедиялық құрылғылармен жабдықталған екі жаңа зал қосылды. Сондай-ақ, бірегей қолжазбалар, архивтік суреттер мен композитордың жеке заттарынан тұратын сирек экспозиция ұсынылды.

Экспозициядағы ең құнды жәдігердің бірі 1934 жылы Ахмет Жұбанов сыйға тартқан аңызға айналған «Дариға-домбыра». Композитордың жары Дариға Тілендиеваның есімімен аталған қасиетті домбыра оның шығармашылық шабыт нышанына айналды. Сондай-ақ, музейде композитордың анасы сыйлаған фортепиано да сақталған.

Бұған дейін Алматы қаласы музейлер бірлестігі Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде ұлы қазақ композиторының мұрасына арналған мерейтойлық көрме өткізген болатын. Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның мерейтойлық даталар тізіміне енгізіліп, қазақ музыкасы данышпанының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі халықаралық деңгейде мойындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Нұрғиса Тілендиев #музей #Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);