AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Қала күніне орай биіктігі 3,5 метрге дейі...

Алматыда Қала күніне орай биіктігі 3,5 метрге дейін жететін ағаштар мен ерекше өсімдіктер егіледі

Алматы 16.09.2026, 11:26 244
Алматыда Қала күніне орай биіктігі 3,5 метрге дейін жететін ағаштар мен ерекше өсімдіктер егіледі

Бұл жөнінде Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері хабарлады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда Қала күніне орай 32 түрге жататын 1,5 мыңға жуық жаңа өсімдік егіледі. Қалаға биіктігі 3,5 метрге дейін жететін ірі ағаштар, сәндік пішін берілген қылқанжапырақты ағаштар, діңі қалыптастырылған өсімдіктер, бұталар мен гүлдейтін көпжылдық өсімдіктер жеткізілді.

Олардың арасында бұтақтары бірнеше деңгейлі етіп қалыптастырылған ересек ағаштар ерекше көзге түседі. Кейбіріне бақ бонсайы стилінде сәндік пішін берілген. Ағаштардың айрықша пішіні алдын ала қалыптастырылып, кейін өскен сайын сақталып отырады.

Өсімдіктердің қатарында үнді лагерстремиясы, қара қарағай, шашақты гортензия, раушан, бөріқарақат, күңгірт қызылкүрең, сәлбен, нарқайсар және басқа да сәндік өсімдіктер бар.

Алматыға арналған өсімдіктердің түрлері қытайлық мамандармен бірлесіп іріктелді. Өсімдіктерді таңдаудан бұрын қаланың климаттық ерекшеліктері, температураның ауытқуы және қыстап шығу жағдайлары зерттелді. Соның нәтижесінде жергілікті климатқа бейімделу мүмкіндігі ескеріліп, қолайлы өсімдік түрлері мен сұрыптары таңдалды.

Жақында жаңа өсімдіктерді қала аумағына отырғызу жұмыстары басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қала күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);