AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда полиция заңсыз саудамен күресті күшейтті

Алматыда полиция заңсыз саудамен күресті күшейтті

Барлығы 20.11.2025, 16:04 507 dulatbekova
Алматыда полиция заңсыз саудамен күресті күшейтті
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласында полицейлер жабайы сауданың алдын алу, абаттандыру ережелерінің сақталуын бақылау және қоғамдық орындарды ластау фактілерін анықтау мақсатында кешенді рейдтік іс-шаралар жүргізді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қаладағы ірі киім-кешек базарларының бірінің маңында заңсыз қойылған сауда нүктелері анықталып, барлығы толықтай жойылды. Аумақ тазартылып, тәртіп орнатылды. Бір ғана рейдтің нәтижесінде 80-нен астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында өз территориясында тиісті тәртіпті қамтамасыз етпегені үшін базар әкімшілігі де бар.

 - Мұндай іс-шаралар “Заң және тәртіп” басым бағыты аясында және министр жариялаған Профилактика жылына сәйкес жүйелі түрде өткізіліп келеді. Біздің міндетіміз - мегаполисте құқық тәртібін қамтамасыз ету, тазалықты сақтау және тұрғындар үшін қауіпсіз, қолайлы жағдай қалыптастыру. Санитарлық және қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін кез келген құқықбұзушылыққа алдағы уақытта да батыл тосқауыл қойылады, - деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Қала аумағында тәртіп орнату және стихиялық сауданың жолын кесу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады. Полиция департаменті заңсыз сауда мен аумақты ластау тұрғындарға қолайсыздық туғызатынын, сондай-ақ қаланың санитарлық және қоғамдық қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретінін ескертеді. Полиция кәсіпкерлер мен қала тұрғындарын абаттандыру қағидаларын және заң талаптарын сақтауға шақырады. Өйткені әрбір азаматтың жауапкершілігі – қаланың тазалығы мен тәртібінің басты кепілі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #Заңсыз сауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);