ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда полиция қызметінің тоғыз айлық қорытындыс...

Алматыда полиция қызметінің тоғыз айлық қорытындысы талқыланды

Заң мен тəртіп 23.10.2025, 15:33 415
Алматыда полиция қызметінің тоғыз айлық қорытындысы талқыланды
Сурет: Polisia.kz
Алматы қаласы полиция департаментінде биылғы жылдың тоғыз айындағы жедел-қызметтік қызметтің қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңдегі басым бағыттар айқындалды.

Алматы қаласы полиция департаментінде биылғы жылдың тоғыз айындағы жедел-қызметтік қызметтің қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңдегі басым бағыттар айқындалды.

Жиынды полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров өткізді. Кеңеске департамент басшысының орынбасарлары, басқарма мен бөлім басшылары, сондай-ақ қалалық аумақтық бөлімшелердің жетекшілері қатысты. Басқосу барысында ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысының нәтижелері қаралып, өзекті мәселелер талқыланды және келешектегі міндеттер белгіленді.

– Алматы қаласындағы криминогендік жағдай тұрақты әрі толық бақылауда. Барлық бағыттар бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтар саны 12 пайызға төмендеді. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейі де жақсарды. Ішкі істер министрі жариялаған Профилактика жылы аясында құқықбұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтық санасын арттыруға және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған "Заң және тәртіп" қағидатын қоғамда орнықтыруға ерекше назар аударылуда, – деді Арыстанғани Заппаров.

Сонымен қатар департамент бастығы есірткі қылмыстары, интернет-алаяқтық, тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы қылмыстарға қарсы күрес бағытындағы кешенді жұмыстардың жалғасып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ жасөспірімдер қылмысының алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелеріне де басым көңіл бөлінуде. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында көлік қозғалысын және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін бақылауға арналған цифрлық технологияларды енгізу қарқынды жүргізілуде. Сонымен бірге, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды арттыру, полицияға деген сенімді нығайту және тұрғындарды профилактикалық шараларға тарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Кеңес қорытындысында Арыстанғани Заппаров басты мақсат – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу екенін атап өтті. Алматы қаласы полициясы шаһардағы тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, "Заң және тәртіп" қағидатын берік ұстануды жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.