конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда полиция оқушыларға құқықтық сауаттылық бо...

Алматыда полиция оқушыларға құқықтық сауаттылық бойынша сабақ өткізді

Заң мен тəртіп 26.02.2025, 13:39 951
Алматыда полиция оқушыларға құқықтық сауаттылық бойынша сабақ өткізді
Сурет: Polisia.kz

Алматыда полиция оқушыларға құқықтық сауаттылық бойынша сабақ өткізді.

Алматы қаласының ювеналды полициясы мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында “Tamos Education” мектебінің 5-6 сынып оқушылары арасында семинар-тренинг өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

— Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқықтық мәдениет пен сауаттылықты арттыру және заң бұзушылықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру. Біз қатысушыларға жеке қауіпсіздік шаралары мен қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін еске түсірдік. Жасөспірімдердің Конституция негіздерін білуі бізді қатты таң қалдырды, балалар әкімшілік кодекстің бірнеше бабын білетіндерін көрсетті. Бұл жерде ұстаздар қауымының тамаша жұмысы байқалады. Сонымен қатар, бейтаныс адамдармен кездескен кезде сақтық танытып, көмекке жүгінуге болатын “102” телефон нөмірін еске салдық, - деді, Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Сондай-ақ спикер, шаһарда кәмелетке толмағандарға барынша білім беру, оның ішінде құқықтық білім беру тәжірибесі жалғасып жатқанын еске салды. 

— Біз мектеп оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу туралы әңгімелесеміз, жалпы білім беретін мектептерде оқушылар арасында заңға бағыну мінез-құлқын қалыптастыру арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар кешені туралы айтамыз. Сондай-ақ диалогтар азаматтың, қоғамның және мемлекеттің құндылықтары туралы әңгімелер бойынша құрылған, - деді Жанна Шонжанова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #оқушылар #құқықтық сауаттылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);