AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда полицейлердің қысқы мерзімге дайындығы те...

Алматыда полицейлердің қысқы мерзімге дайындығы тексерілді

Барлығы 14.11.2025, 17:07 653
Алматыда полицейлердің қысқы мерзімге дайындығы тексерілді
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы полиция департаментінде қысқы кезеңде қызмет атқаруға көшуге орай барлық қызметтер мен бөлімшелердің саптық қарауы өткізілді. 

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындық деңгейін кешенді түрде тексеру, оның ішінде қызметкерлердің сыртқы келбеті, формалық киімнің жай-күйі, материалдық-техникалық жарақтандырылуы, сондай-ақ қызметтік автокөліктер мен арнайы техниканың жарамдылығын бағалау. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жедел әрекет етуге және қысқа күндізгі уақыт, қарлы боран мен көктайғақ жағдайында қызмет тиімділігін арттыру бойынша жоспарлар талқыланды.

"Саптық қарау – бұл жай ғана рәсім емес. Біз қызметкерлердің сыртқы келбетін ғана емес, азаматтардың қауіпсіздігіне әсер ететін барлық факторларды яғни  жарақтандыруды, экипировканы, автопарктің дайындығын тексереміз. Қыстың келуімен полиция бөлімшелеріне түсетін жүктеме артады, сондықтан біздің міндетіміз – жеке құрамның кез келген жағдайға барынша дайын болуын қамтамасыз ету және қаладағы қоғамдық тәртіптің жоғары деңгейін сақтау", – деді, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әділқожа Құсайынов.

Саптық қарау қорытындысы бойынша әрбір бөлімше басшыларына тиісті нұсқаулар берілді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полицейлер #қысқы мерзім #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);