AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда өткен жылы полиция заңсыз айналымнан жарт...

Алматыда өткен жылы полиция заңсыз айналымнан жарты тоннадан астам есірткі тәркіледі

Заң мен тəртіп 11.02.2026, 10:32 374 dulatbekova
Алматыда өткен жылы полиция заңсыз айналымнан жарты тоннадан астам есірткі тәркіледі
Сурет: Polisia.kz

2025 жылдың қорытындысы бойынша мегаполис аумағында есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 600-ден астам құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Анықталған 280-нен астам дерек тікелей есірткі сату фактілеріне қатысты. Бұл полицияның тыйым салынған заттарды тек сақтау сатысында ғана емес, тарату кезеңінде анықтап, жолын кесуге бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесін көрсетеді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан жарты тоннадан астам есірткі заты тәркіленді. 

Тәркіленген заттардың басым бөлігін каннабиоидты топтағы есірткілер, сондай-ақ жастар үшін ерекше қауіпті синтетикалық заттар құрады. Сонымен қатар фитозертханаларды анықтауға ерекше назар аударылды. 2025 жылы қала аумағында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 17 фактісінің жолы кесілді. Бұл заңсыз бизнес өкілдерінің қызметін жасырын әрі жақсы бүркемеленген нысандарға көшіруге тырысатынын аңғартады. Полицияның мәліметінше, қазіргі таңда есірткі қылмысы цифрлық технологияларды — мессенджерлерді, онлайн-платформаларды және байланыссыз сату тәсілдерін кеңінен қолдануда. Осыған байланысты есірткіге қарсы күрес киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшелерімен бірлесіп жүргізіліп жатыр. 

— Біздің мақсат — тек сақтау фактілерін тіркеу емес, есірткіні тұтынушыға жетпей тұрып, тарату арналарының жолын барынша кесу. Өткен жылдың нәтижелері жұмысымыздың жүйелі әрі белсенді сипатта екенін көрсетті. Біз көшедегі сатуды да, цифрлық технологияларды пайдаланатын ұйымдасқан схемаларды да дәйекті түрде әшкерелеп келеміз. Негізгі басымдық — жастарды қорғау және есірткі қатерінің алдын алу, — деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #есірткі #тәркілеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);