конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Орталық Азияның жас көшбасшылары жасанды...

Алматыда Орталық Азияның жас көшбасшылары жасанды интеллект және тұрақты даму саласындағы жобаларын таныстырды

Алматы 10.08.2026, 15:17 160
Алматыда Орталық Азияның жас көшбасшылары жасанды интеллект және тұрақты даму саласындағы жобаларын таныстырды
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Форум аясында жастар жобаларының көрмесі де ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жас көшбасшыларын біріктірген Almaty Youth Forum 2026 халықаралық жастар форумы өтіп жатыр. Форумның негізгі тақырыптары – жасанды интеллект, климаттық технология, цифрлық қауіпсіздік, еріктілік және әлеуметтік инновация.

Форумды Алматы әкімдігі, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Алматының Еріктілер фронт кеңсесі Тұрақты даму жолындағы халықаралық еріктілер жылы аясында ұйымдастырды.

«Бүгінде жастардың идеясын нақты жобаларға айналдырып, бастамаларына мемлекет, халықаралық ұйымдар мен бизнес тарапынан қолдау көрсетілетін орта қалыптастыру аса маңызды. Almaty Youth Forum Қазақстан мен Орталық Азия жастарын тұрақты даму мен еріктіліктің ортақ құндылықтары төңірегіне біріктіретін осындай алаңға айналды», – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Екі күнге жоспарланған форум бағдарламасына панельдік пікірталастар, практикалық воркшоптар және жасанды интеллект, қаржылық сауаттылық, тұрақты даму мен инвестиция саласындағы сарапшылардың баяндамалары енгізілген.

Форумның маңызды оқиғаларының бірі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында UNICEF Zhastary Hub орталығының құрылатыны туралы жариялануы болды. ЮНИСЕФ пен университет арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жаңа хаб еріктілік пен жастар бастамаларын дамытуға арналған алаңға айналады.

Форум аясында жастар жобаларының көрмесі де ұйымдастырылды. Қазақстан мен Қырғызстаннан келіп түскен 211 өтінімнің ішінен 29 жоба финалға өтті. Олардың қатарында жасанды интеллект пен спутниктік деректерді пайдалана отырып, мұздық көлдердің жарылу қаупін ерте ескертуге арналған GLOFcast жүйесі, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған Samruq.AI жобасы және автокөліктерден шығатын зиянды шығарындыларды азайтуға арналған EcoTube жобасы бар.

11 тамызда форум Almaty Museum of Arts серіктестігімен жалғасады. Қатысушыларды шығармашылық сессиялар, пікірталастар және жастар жобалары байқауының финалы күтеді. Финалда он команда жобаларын сарапшылар алқасына таныстырады. Үздік жобаларға бастамаларын әрі қарай дамыту үшін менторлық қолдау көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);